Аристотель философиясы: мемлекеттің мәні мен шығу тегі туралы ілім
Автор: 2023qwerty • Июль 25, 2023 • Эссе • 436 Слов (2 Страниц) • 257 Просмотры
- АРИСТОТЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ: МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ ІЛІМ.
Аталған эсседе мен Аристотель философиясындағы мемлекеттің мәні мен шығу тегі туралы іліміне талдау жасауға тырысамын. Адамдардың идеалды мемлекеттік құрылыстың қандай болуы туралы көзқарастары әр түрлі болатындықтан, менің пікірімше бұл тақырыпты талқылау көпшіліктің қызығушылығын туындатады. Аталған мәселе Аритотельді ғана емес, әр дәуірдегі көптеген ойшылдар мен философтарды толғантып, оларда идеалды мемлекеттің «формуласын» табуға ұмтылды. Бірақ бұл туралы Аристотельдің идеялары маған ең түсінікті және мемлекеттің шынайы бейнесіне жақын болып көрінді. Осыған қарамастан мен оның ілімімен толық келіспейтінде тұстарым бар.
Аристотель - ежелгі грек философы. Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі Грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады. Ол Платонның шәкірті болғанымен, мемлекет теориясына қатысты ілімдерінде ол оны жиі сынады. Осы бағытта Аристотель 158-ге жуық мемлекеттің құрылымын зерттеп және олардың негізінде ол идеалды мемлекет идеясын қалыптастырып, оны өзінің «Саясаттану», «Никомах этикасы» және т.б. шығармаларында баяндады.
Философ адамға «саяси хайуан» деген анықтама беріп және ол бұл дүниеде жападан жалғыз өмір сүре алмайды деген. Сонымен қатар ол мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы өзінің ілімдерінде адам табиғатынан саяси тіршілік иесі және ол әрқашан мемлекетке тартылады деп есептейді. Демек ойшылдың пікірінше, мемлекет адамдардың бірлескен тіршілік қарекеті жолындағы қажеттілік ретінде пайда болады. Аристотель мемлекетті жеке меншік пен еркіндікпен ұштастырады. Осы көзқарас негізінде аталған философ өз заманына сай құлдар мемлекеттің азаматтары бола алмайды деген қорытындыға келеді.
...