Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антропология - адам туралы ілім

Автор:   •  Октябрь 25, 2022  •  Реферат  •  1,041 Слов (5 Страниц)  •  259 Просмотры

Страница 1 из 5

Антропология – адам туралы ілім

        Антропология термині грек тілінен шыққан, сөзбе сөз аудармасы «адам туралы ғылым» деп аударылады. ( anthropos – адам, logos – сөз, білім, ғылым)

Антрпологиялық тақырыпқа бұрылыс алғашқы антикалық философтар болды. Сократты адам философиясының негізін қалаушы деп атайды . Сократтың атақты нақыл сөздері ,,Өзіңді өзің таны ,, дегені барлығына белгілі.

 Адам өзіндік танумен қатар табиғаттың және әлеуметтің өлшеуіші болып табылады. Адам философиясын әрі қарай дамытқан Демокрит пен Платон болды. Грекияда барлық ғылымдармен қатар антропология ғылымы да қалыптаса бастады. Алайда, антикалық заманының антропологиясы, жоғарыда айтылғандай адам табиғатының рухани аймағын ғана қарастырған.

        Сондықтанда антропология терминін алғашқы антикалық көне заманда Аристотель қолданған.

( б.д.д. 384 – 322 ж.ж.)

1501ж. М. Хундтың антропологияға байланысты еңбегі шығады. Бұл анатомиялық сөздікте антропология термині алғашқы рет адамның дене мүшелеріне байланысты қолданылады.

        Антропология терминін әр түрлі мағынада қолдана бастады. Мысалы: Француз ғалымдары ХҮІІІ ғ. антропологияны адам туралы толық мағлұмат деп санаған. Антропология, олардың бойынша, адам жөнінде білім болып есептелді.

Антропология адам туралы универсальді ғылымға айналды, адамның жаратылыс тарихының, материалдық және рухани мәдениетінің, психология, тіл және физикалық құрылысы туралы білімдер жүйесі.ХҮІІІ және ХІХ ғғ. басындағы неміс философтары бұл ұғымға адамның психикалық дүниесінің мәселелерін енгізген - антропология олардың ұғымында психологиямен теңестірілген.

 ХІХ ғ. жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты, әсіресе эволюционизм идеясының таралуы көптеген дауларды, ғылыми пікірлерді туғызды. Жаңа көзқарастар дүниетанымда белсенді түрде мағлұматтарды жинақтауға ықпал етті. Осының нәтижесінде жаратылыстанымның кейбір ғылыми пәндерінің мамандандырылуы басталды.ХІХ ғ. екінші жартысында антропология деп салыстырмалы анатомия мен биология әдістерін қолданған адам табиғатын зерттейтін жаратылыстану аймағын атай бастады.

Қазіргі кезде антропологияның мазмұны кеңейген.Антропологияның пәндік зерттеу аймақтарына байланысты: тарихи антропология,географиялық антропология, биологиялық, физикалық антропология деп аталса, антропологиялық зерттеулердің бірыңғай әдістемелік базасын морфология құрайды. Ал бір физикалық антропологияның үш жеке зерттеу аймағы бар: антропогенез, нәсілтану және этникалық антропология.

Осы қарастырып отырған тұрғыда қазіргі қазақтардың антропологиясы жөнінде кең көлемде және айрықша        материалдардың        маңызды

ақпараттары баршылық.Олардың ішінде ерекше орын алатын бағыт - қазақтардың краниологиялық топтамалары.Бұл бағыттың маңыздылығы соншалық,ол қазақтардың нәсілгенезін салыстырмалы анализін жасау үшін сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі қазіргі және ежелгі тұрғындары арасындағы генетикалық байланыстардың сабақтастығын анықтайтын бірден-бір көзі болып саналады.Осы краниологиялық топтардың локальді әркелкілігін күрделі зерттеуде қазақтардың бір этникалық қауымдастық түрінде қалыптасқан түрлі кезеңдермен ішкі популяциялық полиморфизм ерекшеліктері анықталады. Тұрантекті нәсілдің сипаттаушы келбеті бар және оның тұтас локальді нұсқасына жататын,республиканың әр-түрлі аудандарынан бірқатар краниологиялық топтамалары орын алды.Бірақ олардың ішінде ежелден бастап, Қазақстанның жергілікті популяцияларының көп және ұзақ уақыт болған метистану процестеріне қарамастан,еуропоидтық және монғолоидтылық арақатынастарының бірнеше нұсқалылығыи байқалуда.Краниологиялық топтамалар бойынша монғолоидтық элементтердің шартты үлесін анықтауда,олар қазіргі қазақтардың 70% құрайтыны анықталды.Осыдан қазақтардың краниологиялық топтамаларының антропо-морфологиялық сипаттамасында бірқатар мыңжылдықта байланысқан, монғолоидтық шығу тегінің субстратты компоненті, кейін басым болып,ежелгі жергілікті субстратты шығарды.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (83.2 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club