Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемнің, ТМД-елднрінің және Қазақстанның су ресурстары

Автор:   •  Февраль 16, 2024  •  Контрольная работа  •  1,473 Слов (6 Страниц)  •  129 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

[pic 1]

Факультеті « География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы «Гидрология және метеорология»

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемнің, ТМД-елднрінің және Қазақстанның су ресурстары

                                 Орындаған: Маканова Диляра

                                      Тексерген:Джусупбеков Д.К

 

Алматы, 2024 ж

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда.

Ендігі кезекте жекелей мемлекеттерге қатысты су ресурстарына тоқтала кететін болсақ:

Қазақстанның су ресурстары

Қазақстанның су ресурстары алуан түрлі. Теңіз жолдарының жоқтығына қарамастан, елде әлемдік маңызы бар су қазыналары бар. Мәселен, бұл әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі мен дүние жүзінде 6-шы орынды алып жатқан көл – Арал теңізі. Сонымен қатар, Ертіс өзені  – әлемдегі ең ұзын ағынды өзен болып саналады.

Елде таулы да, жазық та болып келетін мыңдаған өзенде және он мыңдаған тұщы және тұзды көлдер бар. Дегенмен, Қазақстандағы судың үлестік қоры салыстырмалы түрде аз – 37 мың м³/км² немесе бір адамға жылына 6 мың м³. Сондықтан елімізде суға мұқтаж аймақтарды сумен қамтамасыз ететін су қоймаларының желісі бар.

Көлдер

Қазақстанда 48 мыңнан астам көл бар, олардың жалпы беті 45 мың км², ал көлдердегі судың жалпы көлемі 190 км³.3 мың қазақстандық көлдің ауданы 1 км²-ден асады. Қазақстанда ауданы 100 км² асатын 21 ірі көл бар. Еліміздегі көлдердің негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда орналасқан – жалпы көлемнің 45%. Көлдердің 36%-ы орталық және оңтүстік Қазақстанда, ал жалпы көлдердің 19%-ы қалған аймақтарда орналасқан. Қазақстандағы ең ірі және әйгілі көлдердің қатарына Каспий және Арал теңіздері мен Балқаш көлі жатады. Одан кейін Алакөл, Зайсан, Теңіз, Селетініз, Сасықкөл сияқты көлдер келеді.

Каспий теңізі.

Қазақстанның батыс бөлігін жер шарындағы ең үлкен тұйық көл – Каспий теңізінің суы шайып жатыр. Ол көлеміне байланысты теңіз деп аталады, оның жалпы ауданы шамамен 370 км². Каспий теңізі Еуропа мен Азияның арасында орналасқан, оның беті мұхит деңгейінен 26,5 м төмен.Теңіздің солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 1200 км. Ең ені 435 км, ал ең тар жері 193 км. Қазақстанға Каспий теңізінің жағалау сызығының 29%-ы тиесілі, бұлар Каспий теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтары.

Өзендер

Қазақстанда 39 мыңнан астам тұрақты және уақытша өзен бар. 7 мың өзеннің ұзындығы 10 шақырымнан асады. Ірі өзендер қатарында: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле және Шу. Өзен желісінің ең жоғары тығыздығы Алтайдың биік таулы аймақтарында, Жетісу және Іле Алатауы жоталарында кездеседі. Ең аз тығыздық Арал және Каспий маңы аймақтарының құмды шөлді аймақтарында байқалады. Ертіс – Обь өзенінің негізгі саласы, Қазақстандағы ең ұзын және ең терең өзен. Өзеннің жалпы ұзындығы 4248 км құрайды, бұл Азия аймағының өзендері арасында екінші көрсеткіш. Ертістің қазақстандық учаскесінің ұзындығы 1835 км. Өзеннің бастауы Қытай мен Моңғолия шекарасындағы таулы аймақтарда орналасқан.

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (156.3 Kb)   docx (59.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club