Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттің экологиялық проблемаларға қарсы жасалған іс-әрекеті

Автор:   •  Декабрь 26, 2018  •  Курсовая работа  •  8,815 Слов (36 Страниц)  •  619 Просмотры

Страница 1 из 36

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        3

I тарау ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ        5

1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі        5

1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны, әр түрлі нысандары        11

II тарау ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ        14

2.1 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі        14

2.2 Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері        16

2.3 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы        18

III тарау МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ..        23

3.1 Мемлекеттің экологиялық проблемаларға қарсы жасалған іс-әрекеті        23

3.2 Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экологиялық проблемаларды шешу жолдары        25

ҚОРЫТЫНДЫ        29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға міндетті.

Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға міндеттіміз» [1].

Курстық жұмыстың мақсаты: адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Экологиялық қауіпсіздіктің мәнін түсіндіру.
  2. Экологиялық қауіпсіздікті және экономикалық дамуды жетілдіру.
  3. Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздікке тигізетін әсерін көрсету.

Зерттеу объектісі - мемлекеттің экологиялық проблемаларды шешу барысында туатын қоғамдық қатынастар.

Зерттеу пәні – мемлекет және эколгия проблемалары.

Алғаш рет ғылыми терминологияға «экология» сөзін 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель енгізген. Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді. Жалпы бұл тақырыпты көп ғалымдар мен профессорлар, заңгерлер, саясаткерлер, экономистер және т.б. зерттеген, мысалы: Культеев , Бекмаганбетов Р., Кажымуратова А., Айтуғанова З.Ш., Нарибаев К.Н., орыс ғалымдардан: В.Д. Федорова, К.С. Лосева, С.С. Шварца және т.б.

...

Скачать:   txt (134 Kb)   pdf (506.5 Kb)   docx (266.4 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club