Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік-этикалық трактаттар

Автор:   •  Январь 26, 2020  •  Эссе  •  847 Слов (4 Страниц)  •  1,088 Просмотры

Страница 1 из 4

       

                  Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

     Әлеуметтік-этикалық трактаттар-ұлы ғалым Әбу насыр әл-Фарабидің (870-950) әлеуметтік мәселелерге арналған шығармаларының жинағы. Ол еңбектерінде әл-Фараби қайырымдылық,ізгілік, даналық, бақыт,кішіпейілділік секілді құндылықтарға философиялық тұрғыдан өз қөзқарасын білдіреді.Трактаттар орыс және қазақ тілдеріне алғаш рет 1975 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа әл-Фарабидің этика тақырыбына жазған «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат»,»Бақытқа жету туралы», «Бақытқа жол сілтеу», «Азаматтық саясат»,т.б еңбектері  енген.

     Бақытты болуға ұмтылу адамға жаратылысынан сіңген табиғи құбылыс,дін әрқашан бұл мәселені адамгершілік заңды аттамай, ешкімге зиянын тигізбей шешуге тырысады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

     Шығыс араб-мұсылман философиясының өкілі Әл-Фараби мұрасындағы бақыт мәселесінің маңыздылығы оның философиялық мәнімен ұштасып жатыр. Бақытқа жету- ғұлама философиясының алға қойған басты мақсаттарының бірі. Адам баласы өз тіршілігінде бақытты болуға тырысатыны,соған ұмтылатыны шындық. Бірақ әркім бақыт деген ұғымды әрқилы түсінеді.Біреулер балалы-шағалы,үрім-бұтақты болсам бақыттымын дейді,енді біреулер жоғары лауазымға ие болсам бақытты боламын деп ойлайды.Яғни, әр адамның бақыт туралы түсінігі бір-біріне ұқсамайды. Ұлы бабамыздың «Бақыт жолын сілтеу» атты трактатында «...адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс  және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді»-дей келе,»адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді» және «артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді»- деп түйіндейді.Ғұламаның пайымдауынша,» әрі мадақтауға,әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу» екен: біріншісі-адамның іс- әрекеті, мысалы, орнынан тұруы,отыруы,көруі,естуі; екіншісі-жан дүние сезімдері, мысалы, құштарлығы,рахаты,қуанышы, ашуы, қорқынышы жабырқауы қызғанышы; үшіншісі-ақылы ,парасаты.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (89.9 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club