Әл-Фарабидің қоғамдық-әлеуметтік, этикалық мәселелерді қозғайтын трактаттары
Автор: botakan123 • Март 26, 2019 • Реферат • 1,201 Слов (5 Страниц) • 2,265 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: әл-Фарабидің қоғамдық-әлеуметтік, этикалық мәселелерді қозғайтын трактаттары.
Тапсырған: Бүркібаева А.А
Тексерген: Мекебаева Л.
ЖОСПАРЫ:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. «Бақыт жолын сілтеу» трактатының негізгі желісін баяндау.
2. «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздеріне» қысқаша анықтама.
3. «Азаматтық саясатта» трактатына қысқаша анықтама.
III Қорытынды
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»
Пайдаланылған әдебиеттер
Әл-Фараби өз дәуірінің, атап айтқанда, қай жағын және қандай тұрғыдан бейнеледі? Бұл сұраққа бауап беру бізден әл-Фарабидің өмір сүрген жағдайлары мен өмірбаяны жөнінде тарихи мәліметтерді егжей-тегжейлі білудіғ ол қалыптасқан және, сайып келгенде, өзінің творчествалық даралығының ізін қалдырған мәдени ортасын көз алдымызға келтіруімізді талап етеді.
Социолог ретінде әл-Фарабидің рөлі елеулі екені даусыз. Социологияда әл-Фараби қоғамның пайда болу себептерін, қоғамның типтерін және бұл қоғамдардың өмірге қабілеттілігін бағалау сияқты мәселелерді қозғайды; бұл жағдайда ол феодализмге ғана тәнжеке бастың тәуелділікте болуын кез келген қоғамдық байланыстарды қарастырудың басты критерийі деп қарастырады. Монархтың, бас әкімнің тұлғасына баса назар аудара отырып, ол бұлардың адамгершілігі мен білімділігі қоғамда қайырымдылықты жүзеге асырудың негізгі шарты деп біледі. Әл-Фарабидің гносеологиясына тән рационализм – ақыл-парасат адамның барлық проблемасын шешуге қабілетті күш деп тануы – социологияда да көрінеді.
Әл-Фарабидің этикасының ең жоғары категориясы – бақыт, өйткені басқа бірдеңе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік және ең жоғары игілік осы бақыттың бойына шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен этика, жалпы философиялық конструкция және оның практикалық мағынасы осы шеңберде ұштасады, өйткені философия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды... Бұл дүниеде бахыт деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін ғой... Әділеттіліктің үстем болуының шарты ретінде басқа дүниеге жүгіну, осының керісінше – шын дүниедегі тежеусіз жалмауыздықтың үстемдігі, ождан мен намысты баса-көктеу үшін өтелетін ақы сияқты нәрсе.
Мен студенттік өзіндік жұмысын жасауда қарастырған кітапта төрт трактат енген: 1) «Бақыт жолын сілтеу», 2) «Азаматтық саясат», 3) «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», 4) «Бақытқа жету туралы».
Ендеше, «Бақыт жолын сілтеу» трактатын қарастырсақ:
«Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мұны түсіндіріп жату сөзді керек етпейді, өйткені бұл – мейлінше белгілі.
Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі және қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын.
Артынан мадақтауға не жазғыруға болатын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа соқтырады, ал, бұл – жаман адамгершілік сап; Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Сөзге тапқырлық – жақсы адамшылдық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын-оқтын дем алуға тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рахат немесе кеселсіз; әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен тыс көп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі әзілдің жоқтығына әкеп соқтырады.
Ал егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір туғандығы.
...