Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бетон және темірбетонның қолдану кезеңдері. Ғылымның бетон технологиясының дамуындағы ролі

Автор:   •  Май 11, 2021  •  Лекция  •  5,938 Слов (24 Страниц)  •  510 Просмотры

Страница 1 из 24

Лекция №

Тақырып: Бетон және темірбетонның қолдану кезеңдері. Ғылымның бетон технологиясының дамуындағы ролі

Жоспар

Бетон туралы түсінік

Бетонды пайдалану кезеңдері

Бетон технологиясы-1 пәнінің басқа пәндермен (пререквизит, постреквизит) байланыстылығы

Курсыты оқуда қаралатын сұрақтар

Бетон туралы жалпы мәлімет.

(Бетон дегеніміз – құрамында белгілі мөлшерде цемент, толтырғыштар, су, кейде, қоспалар бар араласпаның табиғи жағдайда, не болмаса арнайы температураның әсер етуінен қату нәтижемінде пайда болған жасанды тас.

Қатқанға дейінгі араласпа бетон араласпасы деп аталады).

Бетон араласпасының құрамындағы цементпен су өзара реакцияға түсетіне байланысты  белсенді заттар болып саналады.

Цемент пен судың өзара реакцияға түсуінен пайда болған зат – цемент тасы деп аталып, толтырғыштарды байланыстырып массаны бір монолитке айналдыру нәтижесінде бетон пайда  болады.

Цементпен толтырғыштар арасында негізінен химиялық реакцияның болмауына байланысты толтырғыштарды инертті заттарға жатқызылады.

Толтырғыштар бетоннның құрамына, қасиеттерінің қалыптасуына маңызды роль атқарылып, оның массасындағы толтырғыштардың көлемі (мөлшері) 85-90%  болуы бетонның өзіндік құнын төмендетудің бірден-бір жолы.

Толтырғыш ретінде әртүрлі табиғи және жасанды заттар пайдаланады.

Бетонның өзіндік құнын төмендететін, қажетті қасиеттеріне қол жеткізу үшін әртүрлі химиялық қоспалар пайдаланылады.

Бетон құрамының капилярлы – кеуекті болуына байланысты оның қасиеттеріне ішкі және қоршаған орта факторлары әсер етеді.

Ұзақ мерзімде бетонды пайдалану барысында оның кеуектік құрамы өзгеріп, кейде деструкциялық процесстер бетон қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.

Пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты бетонның негізгі көрсеткіші – беріктігі өсу процесінде болады.

Бетонның қасиеттері құрамымен қатар басқа да технологиялық талаптардың орындалуымен байланысты өзгереді.

Бетон сығымға берік, созу күшіне осал морт (хрупкий) зат. Бетонның сығымға беріктігімен арматураны бірлесе пайдалану нәтижесінде темірбетон қолданылады.

Бетон арматураны коррозиядан жақсы сақтайды, онымен мықты ұстасады.

Бетон және темірбетон бұйымдары арнайы зауыттарда дайындалып құрылыста монтаждалады.

Бетон мен темірбетонды қолданудың басқа құрылыс орнында монолитті түрінде пайдалану.  

Бетон технологиясын шартты түрде екіге бөледі:

Біріншісі - «Бетон технологиясы -1» пәнінде қаралатын сұрақтар:

бетонға қажетті материалдар, олардың түрлері;

бетон араласпасы, оның қасиеттері, қасиеттеріне әсер ететін факторлар;

бетонның қату процесі, құрамының қалыптасуы, оларға әсер ететін факторлар;

бетонның физика-механикалық, деформативтік қасиеттері, оларға әсер ететін факторлар;

бетонның әртүрлі пайдалануы жағдайда агрессиялық  факторларға төзімділігі;

бетонның пайдалану ерекшеліктеріне, шикізат тұрпатына байланысты түрлері;

бетонның түріне байланысты оның құрамын анықтау тәсілдері.

Екіншісі – «Бетон технологиясы-2» (БжТБ жасаудың зауыттық технологиясы) пәнінде қаралатын сұрақтар:

шикі заттарды (толтырғыштар, цемент, қоспалар) қабылдау, сақтау, тасымалдау;

бетон араласпасын дайындау;

арматуралық элементтерді жасау, арматуралау;

БжТББ қалыптау, қатыру;

бұйымдардың (конструкциялардың) ерекшеліктерін ескеріп өндіруді атқару.

Бетонды пайдаланудың (бетон технологиясының) даму кезеңдері.

 Бетон әріден пайдаланып келе жатқан құрылыс заты.

Біздің дәуірімізге дейінгі 3600ж Египет лобиринттерін, Ұлы Қытай дуалын (б.д.д ІІІ ғасыр) салуда қолданылған.

...

Скачать:   txt (93.2 Kb)   pdf (215.3 Kb)   docx (592.8 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club