Ғылымның дамуы
Автор: Асель Мұратқанқызы • Декабрь 19, 2020 • Эссе • 298 Слов (2 Страниц) • 3,107 Просмотры
Ғылымның дамуы
Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан әрі өсіп-өркендеуіне, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше. Екінші жағынан ғылым қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Адамның айналасындағы дүниені танып білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны және оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені белгілі.
Білім – материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.
Ғылым дегеніміз – заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат жүйеленген білім және объективті шындық. Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктергі байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болған.
Алғашқы ғылыми жүйелі ой-пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Қытай, Үндістанда, Египетте, Вавилонда қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе – философия. Сол замандағы ойшылдар: Конфуций, Аристотель, Сократ.
Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дәуірімен және жаңа заман кезеңімен байланысты. (Галилей, Декарт, Ньютон)
Ғылым дегеніміз қоғамдық тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болған айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.
Қазіргі таңда да ғылымның өзектілігі маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ғылымның қарыштап дамыған кезеңі ХХІ ғасырда адамзат өмірі әр түрлі ғылыми жаңалықтарға толы. Бүгінде әлемді шарпыған дауасыз дерттің жайлаған кезінде де ғалымдар мен дәрігерлер күн-түн демей бұл аурудың шипасын табуға барлық күш-жігерін салуда.
...