Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Таным

Автор:   •  Март 27, 2024  •  Реферат  •  1,338 Слов (6 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 6

Білім деген не, əлемді тану немесе білу деген не, адам өзін немесе қоршаған ортаны қаншалықты дəл жəне анық біле алады деген сұрақтар өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Тілдер арасындағы айырмашылықтың қандай болғанына қарамастан, біз үнемі тілде бейнеленген оймен (біліммен) бетпе-бет ұшырасамыз. Жəне сондықтан да көптеген философтар білімді оның тілдік көрінісімен біріктіреді, өйткені «тіл ойдың тікелей нақтылығы» болып табылады. Бірақ мұнан тіл мен ойдың, яғни білімнің арасында тепе-теңдік бар деген ой тумауға тиіс, себебі тікелей нақтылықтан өзге сырт көзден жасырын жанама нақтылықтың да бар екенін естен шығармаған жөн. Дəл осыны кезкелген дамыған философияның маңызды бөлімі – таным теориясы ұғынып, мəнін ашуы тиіс.Таным – бұл адамның бейнелеу əрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дəлелденген білім алу үшін əлемді, ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.

Таным адамның практикалық іс - əрекетінің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары – табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мəнін жауып, көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып, əлемнің құпиясына үңіледі.

Таным – адам арнайы танымдық мəселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі.

Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған жəне шығармашылық іс - əрекетінің əлеуметтік процесі. Оның нəтижесінде сыртқы əлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.

Таным теориясы немесе гносеология – таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мəселені арнайы зерттейтін философия ғылымының бір бөлігі.

Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес.

Тарихқа көз жүгіртсек, Христиан діні барлық танымның негізгі қайнар көзі ретінде Құдайдың аяны мен қасиетті Інжілді санады. Егер антик философтары көбіне ғарыштың өзіне, табиғаттың өзіне құдіреттілік берсе, ал христиан діні табиғатты жанама, өзгермейтін нəрсе деп пайымдап, ал жаратылыстың шыңы ретінде адамды ғана мойындады. Құдай адамға жан жəне тану қабілеттілігін берді деп таныған.Тағы бір маңызды тұжырым,

 танымның таза эмпирикалык сатысы болмайды, өйткені сезінудің іске асуы үдерісінің өзінде-ақ рационалистік салаға жататын бұрын жинақталған білім (эталондар, ережелер) қабаттаса қатысады. Ұғым – жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тəсілін анықтайтын іргелі жалпылау.Енді қарапайым жағдайларда ұғым жəне əр түрлі объектілер туралы түйіндер (пікірлер) қалай қалыптасатынын қарастырайық.

Ұғымның қалыптасу үдерісін əдетте абстракциялау, ал бүл үдеріс өнімін немесе нəтижесін – абстракция деп атайды. Сондықтан да «ұғым» жəне «абстракция» терминдері бір-бірін алмастыра алатын синоним ретінде де қолданылады. Абстракциялау үдерісін шындығына келгенде бірігіп, қосылып шешетін бірнеше кезеңдерге, сатыларға бөлуге болады. Оларды тек талдау мүддесіне қарай ғана бөледі.

Бірінші кезең – сезімдерді топтау жəне ажырату. Əр түрлі заттарды қадағалау барысында адам бірқатар сезімдер мен сезімдік бейнелерді сіңіре отырып, олардың белгілі бір қасиетін, мысалы, бояуын немесе геометриялық фигурасын бөліп айқындайды. Қалған қасиеттері ысырылып тасталынады, абстракцияланады. Заттар, өздерінің барлық айырмашылықтарына қарамастан, бөлініп алынған бір қасиеті бойынша бір топқа біріктіріледі жəне қалғандарынан ажыратылады. Бөлініп алынған заттар қасиеттері ортақ топты құрайды. Мысалы, шие, қан, раушан гүлі өздерінің түстері бойынша бір ортақ топқа біріктірілген. Алма, футбол добы, бильярд шары жəне т.с.с. формасы бойынша біріктіріледі.

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (59.7 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club