Криминалистикалық құжаттарды тану
Автор: ddtvdn0 • Март 27, 2018 • Курсовая работа • 6,505 Слов (27 Страниц) • 1,214 Просмотры
ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университет
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Криминалистикалық құжаттарды тану
Орындаған:
Тексерген:
Көкшетау қаласы, 2016-2017 оқу жыл
Мазмұны
Кіріспе ......................................... 3
Незізгі бөлім................................. 6
I. Криминалистік құжаттарды тану ұғымы.....6
1.1. Тергеу барысында құжаттарды қарау..............17
1.2. Жалған таңбалар, мөрлер, мөртаңбалар жасау фактілерін анықтау....19
1.3. Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау................. 21
II. Криминалистік құжаттарды тану мазмұны, міндеттері
2.1. Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау ........................23
2.2.Зақымданған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру................24
2.3.Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды зерттеу.......28
2.4.Фото-кино-бейне құжаттарды криминалистік зерттеу.....................29
Қорытынды ................................................... 32
Қосымшалар....................................................33
Қолданылған әдебиеттер ................................35
Кіріспе
Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді. Қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар материалдық бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды, бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты жүргізу үшін «қылмыстың сөзсіз куәларын» тез тауып «сөйлете» білуі керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір ғылым ол-криминалистика. Сондықтан, жоғары заң оқу орындарында криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің бірі болып саналады. Егемендік алған елімізде ана тілінде дайындалатын болашақ заңгерлердің саны көбейіп, тергеуде мемлекеттік тілде жүргізілетін қылмыстық істер саны да өсуде. Қазіргі таңда криминалистика пәні бөлімдерге бөлінген. Оларды көңіл бөліп оқу керек.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс- әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым. Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт кезеңнен тұрады, олар: - дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу; - оларды бекіту; - оларды алу; - алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен қорытындысын рәсімдеу.
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, оның тарихы ерекше орын алады сонымен қатар оның пайда болуы мен даму сатыларын білген жөн. XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен техниканың айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың көбеюіне, ал ол өз кезегінде техника мен байланыстың жаңа құралдарының пайда болуына ықпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып келген құралдары мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды. Ол криминалистік тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигналетикалық фотосурет негізін, оқиға болған жердегі метрикалық фотосуретке түсіруді, сөзбен айтқан бейнені шығаруды қалыптастырды. 1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың «Криминалистика жүйе ретінде сот тергеушілеріне жетекші құрал» атты жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмысты тергеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өңделу жолдарын көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын «криминалистика» терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең, криминалистика-ғылымының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп танылады.
...