Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конфуцийшілдік ілім

Автор:   •  Февраль 25, 2022  •  Реферат  •  2,084 Слов (9 Страниц)  •  268 Просмотры

Страница 1 из 9

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

 


Реферат

Конфуцийшілдік ілім

Орындаған :Максимова Амина МН-21

                            Тексерген:Анламасова Ы.Ж.

Қарағанды 2021

Жоспар:

Кіріспе

1.Негізгі бөлім

1.1.Конфуций ілімінің мәні.........................................................................4

1.2.Адам туралы ілім...................................................................................5

1.3.Қоғам туралы ілім..................................................................................6

1.4.Мемлекеттік доктрина...........................................................................7

1.5,Ежелгі конфуцийшілдік.........................................................................8

2.Қорытынды................................................................................................9

3.Пайданылған әдебиеттер........................................................................10

Кіріспе

Конфуций-Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Кофуцийдің он мыңга жуык шәкірттері бар және жиырма шактысы ертелі-кеш жанында болган деген деректер бар. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тілсаясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер,әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Қытай тарихында Қытай өмірінің ең маңызды аспектілеріне терең әсер еткен Конфуций философиялық мектебі бүгінгі Қытайда үлкен беделге ие болып отыр, оның моральдық және этикалық стандарттары бүкіл әлемде ізбасарларын табуда. Конфуций дәстүрі Қытайдың ұлттық философиясын, рухани-мәдени дәстүрін  қайта жаңғыртудың әмбебап формасы болып табылады. Өйткені ол (дәстүр) басынан бастап ресми конфуцийшілдікпен байланысты болды. Бұл тарихтағы бүкіл Қытай мәдениетінің негізі болған және Қытай қоғам өмірінің негізгі аспектілеріне күшті әсер еткен дәстүр болды.

...

Скачать:   txt (32 Kb)   pdf (139.5 Kb)   docx (20.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club