Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сыныпта абай шыfармаларын окудан тыс жyмыстарfа колданудын тәрбиелiк манызы

Автор:   •  Май 21, 2021  •  Курсовая работа  •  4,890 Слов (20 Страниц)  •  382 Просмотры

Страница 1 из 20

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ТЕМІРТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ «МИРАС» ЖММ

Пелагогика пәнінен курстық жұмыс

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУДАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы

                                       Орындаған: БББ-2014-1 тобының студенті

                                       Лауова Зарина Темирхановна

                                       Ғылыми жетекшісі:

                                       Мусаева Меруерт Жанатовна

                                              Курстық жұмыстың қорғалған бағасы __________

                                       Хаттама № _____ «____» __________2019жыл.

Теміртау, 2019ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.....................................................................................................................3

I ТАРАУ.  

  1. Абай шығармалары – білім мен тәрбие құралы.......................................6
  2. Абай  шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу....................................................................................11

IІ ТАРАУ.

2.1. Абай шығармаларының бүгінгі заманмен үндестігі.................................15

2.2. Абай шығармаларын бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану..............................................................................................................18

Зерттеу жұмысы...................................................................................................21

Қорытынды...........................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................24

Қосымша...............................................................................................................28

        

КІРІСПЕ

         Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктелуде. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына білім мен ғылым жетістіктері ықпал ете отырып, мемлекеттің болашағы оның ұрпағының білімділігімен өлшенеді.

     Әлемдік-ақпараттық білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана – адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, құзыреттілігі дамыған, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім қазіргі ақпарат ғасырында кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, құзыреттілігін дамытып, әдістемелік негіздерді қалыптастыру керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

     Бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
           Жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол.Мәселен,Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен көркем жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.
Мұндай көркем жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды. Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды. АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді. Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды.Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричердеон айналысты.
Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген.
Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор. Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.

...

Скачать:   txt (61.5 Kb)   pdf (693.8 Kb)   docx (458.7 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club