Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сыныптар да сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшелігі мен жолдарын зерттеу

Автор:   •  Февраль 21, 2019  •  Курсовая работа  •  9,987 Слов (40 Страниц)  •  1,538 Просмотры

Страница 1 из 40

КІРІСПЕ

        

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының заңдылығы мектеп оқушыларының  рухани, интелектуалды және физикалық жан-жақты дамыған, білімпаз шығармашылығы белсенді, тұрақты өз бетінше білім жетіліруде ынталы және дағдысы қаланған кез келген өмірлік мәселелерді шешу мақсатында тәуелсіз елімізде бір қатар ілгері жұмыстар қарастырылып,олардың жүзеге асудағы нақты шаралары белгіленді.

Осыған орай,мектепте оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай,сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз ету де соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсаты мен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады

Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру және оқыту құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады. Сыныптан тыс тәрбие және оқыту жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата -аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.

Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы.

Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарынымен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш сыныптар да сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшелігі мен жолдарын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздерін ашу;
  • Сыныптан тыс жұмыс түсінігі, мағынасын ашу;
  • Бастауыш буында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшелігін анықтау;
  • Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мазмұнын зерттеу;
  • Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін талдау;
  • Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлерін анықтау;
  • Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жоспарын құрастыру.  

Зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, мақалалар, ресми басылымдар алынған.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының қорытындылары бастауыш мектеп оқытушылары, ұзартылған күн тәрбиешілері, әдіскерлері, сынып жетекшілерінің тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сыныптан тыс жұмыс түсінігі,мағынасы

Сыныптан тыс  жұмыстардың тәрбиелік -әлеуметтік және қоршаған ортаға, уақытша балалардың  және педагогикалық  ұжымның ерекшелігіне, зерделі, әсершіл, заттық шығармашылықты, денсаулықты жақсартатын қызметтердің өзгеше мазмұнына, қарым -қатынас,  өзара байланысқа, сондай- ақ, мектептен тыс бірлестіктердің мектеп, жанұялар, балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарымен өзара байланысына сүйенеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары балаларды і қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым -қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. Жеке даралық рухани дамуды қамтамасыз ете отырып, сыныптан тыс жұмыстар балаларға мектептің отбасының жасайтын ықпалын тереңдету және өрістету үшін жағдай жасап, өз құралдары мен әдістері арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына, өзін іске асыруына және жетіспеушілікті толтыруға басқаша қарым қатынас пен тіршілік әрекеттесу жағдайымен мүмкіндіктер қалайды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндіктері қалайды[1, 12 б.].

...

Скачать:   txt (146.7 Kb)   pdf (406.2 Kb)   docx (61.3 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club