Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай философиясындағы адам мәселесі

Автор:   •  Октябрь 20, 2025  •  Реферат  •  2,954 Слов (12 Страниц)  •  53 Просмотры

Страница 1 из 12

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ»АҚ

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 

 

 

 

 

 РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Абай философиясындағы адам мәселесі. 

 

 

 

Орындаған:Рахым Б.

Тобы:ФӨТҚА 03-22

Қабылдаған: Ертаев М.А.  

 

 

 

Шымкент 2023 ж

Жоспар: 

  1. .Кіріспе  
  2. Негізгі  бөлім  
  1. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
  2. Абай Құнанбайұлы.
  3. Абай философиясындағы адам мәселесі. 
  1. Қортынды
  2. Қолданылған  әдебиеттер    

 

 

 

 

 

 

         

Кіріспе

«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамның әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың,табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен,ақылмен жасайды. Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері,иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап, адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы – Құдайға құлшылық етіп, табына беру деп уағыздайды.

Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.

Орта ғасырдағы шығыс философы әл-Фараби: «бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты»,- деген. Әл-Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Ал қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты бар тіршілік иесі ретінде қабылданды. Ол өзінің көптеген эстетикалық қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.

Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалап, адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті таныпбілген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады», - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса, дербес рухтың сақтаушысы. Христиан дінінде адам ұғымы, Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады. Жүрек Көне өсиетте (Ветхий завет) - 851 рет қайталанады. Фома Аквинский: «Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылықсәулесі. Адам денесі - құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», - дейді.

 

         

Қазақ философиясындағы адам мәселесі 

Адам — әлеуметтік болмыс. Оның даралығы оның қызметінің барлық салаларында ашылады, ол жаңа шешімдерді іздеумен және қабылдаумен байланысты қоғамның жаңаруымен тікелей байланысты. Адамның шығармашылығы, оның қоғамның материалдық және рухани өміріне қосқан үлесі өмірді мағыналы етеді.  «Осылайша, адамдар өмірінің мәні — олардың жеке ұмтылыстарын адамзаттың прогрессивті дамуымен байланыстырудан тұруы керек… Әр адам өмірінің мәні адамзат тарихының мағынасымен тығыз байланысты, ол әр дәуірде адамзатқа белгілі бір міндет қояды. Бұл міндет қоғамның заңды дамуына байланысты» -, деп жазады И. Д. Панцхава.

...

Скачать:   txt (40 Kb)   pdf (236.2 Kb)   docx (20.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club