Абай философиясындағы құдай және адам болмысы
Автор: Sungat Alekbar • Март 18, 2022 • Контрольная работа • 2,095 Слов (9 Страниц) • 312 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Философия пәні
Тақырып: Абай философиясындағы құдай және адам болмысы.
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған: Нұрбергенов Қалижан Тобы: Пск-20-1
(Аты-жөні)
Тексерген: т.ғ.к. , Оспанов Тауекель
((ғылыми дәрежесі, атағы, Аты-жөні.))
__________ ___________ «17» қазан 2021ж.
(Баға) ( қолы)
Алматы 2021
Жоспар
Кіріспе............................................................................................................3
І. Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуы..............................4
1.1. А.Құнанбаевтың туып өскен ортасы, қоғамдық көзқарасының қалыптасуы.
ІІ. Абай философиясындағы құдай және адам болмысы..........................5
ІІІ. Абай философиясындағы адам мәселесі..............................................6
Қорытынды....................................................................................................7
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................8
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ топырағында Абайға шейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылар деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» деп мәселені нақты қоймаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім діни қағида, таным гносеологиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Олай болса, Абай да діни ойшыл (философ). Абай Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,— деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Рас деген заттың құбылыстық мәнін әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат келе-келе рас емеске айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де ықтимал. Демек, растың бірақ мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші қырына келсек, онда оның растығын тану мәселесіне тірелеміз. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады? Онда Алланың барлығына сенуден басқа амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде қарастырған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абай философиясындағы құдай және адам болмысы мәселесінің мәнін ашу. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, өлім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай - әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды. Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
...