Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абайтану ғылымы және Абай Құнанбаевтың «толық адам» туралы ілімнің дамуы

Автор:   •  Октябрь 4, 2022  •  Практическая работа  •  488 Слов (2 Страниц)  •  255 Просмотры

Страница 1 из 2

Абайтану ғылымы және Абай Құнанбаевтың «толық адам» туралы ілімнің дамуы.

Ұлы деген сөздің мәні өте тереңде жатыр. Қазақ әдебиетінде ұлы деген сөз Абай есімімен ассоциацияланып жүр. Оның ұлы атануы да тектен-тек емес. Жазба әдебиетіндегі пәлсапалық, дидактикалық мәнге ие келелі ойлардың тізбегін салып өткен Абайдың қай туындысын алып қарасақ та оның көріккелдігін, ой астарларының терең мәңге иелігіне көз жеткізіп қана қоймай, оның әлі сан тараптан түрліше зерттеуге сұранып тұрғандығын көреміз. Абай шығармашылығы халықтың жүрегінен орын алып барып қана, Абай өмірден озғасын басылған. Көзі тірісінде ХІХ ғасырда жарыққа шығып жүрген «Дала уалаяты» газетінде, яғни 1889 жылы, ал 1897 жылы «Кнәз билан Зағифа» қиссасында кей өлеңдері жасырын атпен басылды. Енді жыл санақ бойынша есептесек Абай шығармашылығы бір ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз зерттелу үстінде. Алғашқы зерттеулер ақынның ізінен ерген шәкірттері мен достары тарапынан жүзеге асты. Абайдың түпнұсқадағы қолжазбалары сақталмағандықтан, осы жолда Абай шығармаларындағы текстологияға қатты назар аударылды. Абайдың туындылары Мүрсейіт қолжазбалары арқылы бүгінгі күні дүйім жұртқа таралып отыр. Сондай-ақ әлемге Абай есімін дүркірете танытқан, өзі Абай арқылы танылған Мұхтар Әуезовтың да еңбегінің ұшан теңіз екенін айтпай кетпеуге болмайды. 1924-1927 жж. ол ақынмен бірге болған, көзін көрген Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл, Кәкітай т.б. осы сынды тұлғалардың санасында жатталып қалған ақын шығармаларын хатқа түсірген. Осылайша жоғалу қаупінде тұрған Абай туындыларының бір бөлігі сақталып қалған. Осылайша, ХХ ғасырдың басында топталып, жиналған туындылар негізінде Абайтану ілімі қалыптасты. Абайдың дара, дана, ерек екенін Алаш зиялылары да толғана жырлаған. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев сөз қозғап, ұлылығын ұлықтаған. Өткен ғасыр Кеңес үкіметінің билігінің күшейіп тұрған кезеңі болғандықтан Абайтану ілімі тоқырауға, бұрмалауға ұшырағаны да, рас. Алайда сол бір соқпақты жылдарға қарамастан қазақ абайтанушы ғалымдар Абайды жан-жақтан зерттеп, зерделеуді тоқтанқан емес. Кезінде Абай философиясының, соның ішінде Абайдың шығысы сыртқа тебілгендігіне қарамастан, бүгінде «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дейтін ойлары гуманистік тұрғыдан сан түрлі талданып келеді.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (64.2 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club