Әлеуметтік қызметкердің қызметтік этикасы
Автор: Aiganymaaaa • Октябрь 7, 2022 • Контрольная работа • 2,659 Слов (11 Страниц) • 352 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
[pic 1] [pic 2] [pic 3][pic 4] [pic 5]
Студенттің өзіндің жұмысы: 1
Пәні: Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
Тақырыбы: Әлеуметтік қызметкердің қызметтік этикасы
Орындаған:Алпысбай Айғаным Ерболқызы
Тексерген: Дабылтаева Мақпал Мамедалиевна
Алматы, 2022 жыл
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ЭТИКАСЫ
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Әлеуметтік жұмыс, этика ұғымы
- Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби этиканың маңызы
- Әлеуметтік қызметкер мақсатқа жету жолдары
- Әлеуметтік қызметкердің қызметтік этикасы
- Әлеуметтік қызметкердің функциялар
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Демократиялық-құқықтық адамның құқықтары мен қызметкерлер тек нақты қоғамдық-саяси ерекше мәселе бостандықтарын қорғау. Әлеуметтік мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, олар сонымен қатар құқықтық, егеменді мемлекетіміздің биік мұратын жүзеге асырушылар. Қазіргі әлеуметтік жұмыс қоғамдық жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделудің басты жолдарының бірінде. Бұл мамандық қазіргі міндеттерді, мәселелерді, мүмкіндіктерді анықтап шешуге көмектеседі, яғни Қазақстан егемендіғін алғанға дейін әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қызмет арнаулы кәсінтік бағыт ретінде болған жоқ. Сондықтан әлеуметтік қызметкер үшiн клиенттің адамгершілік, жеке тұлғалық қасиеттері, құндылықтары мен мүдделері, адамның жеке бас құқығы, мүддесі корғалу керек. Осы арқылы әлеуметтік қызметкер этикалық талаптар мен міндеттерді ұстана отырып, қоғамның мемлекеттің мүддесін қорғайды.
Әлеуметтік жұмыспен айналысу белгілі бір тұлғалық ерекшелікті қажет етеді. Бұл мамандык иесі белгілі бір құндылық жүйесімен ерекшеленеді. Соның ішінде әрбір адамды абсолютты құндылық ретінде қарастырудың маңызы зор. Себебі, әлеуметтік жұмыс ең күрделі, қиын мамандықтардың қатарына жатады және қоғамдық ой-пікірде біркелкі бағаланбайды. Дегенмен, бұл мамандық ең мәртебелі, керекті, қадірлі мамандықтардың бірі. Себебі, көмекті қажет ететін әлсіз топтарға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек көрсетудің қоғамдағы құндылығы жоғары. Әлеуметтік қызметкердің стилі онын жеке тұлғалык қасиеттерінің, құндылықтарының бағдарлары мен мүдделерінің көрінісі болып табылады. Әлеуметтік кызметкер мен клиент арасындағы этикалық қатынас процесі қарқынды дамуы үшін тәжірибе алмасуды үдетіп, этикалық қарым-қатынастардың рөлін арттыру тиіс.
Адам немесе әлеуметтік топтардың этикалық құқықтар мен бостандықтары қорғалмайтын қоғамда тұрақты этикалық қарым- қатынастардың және моральдік жауаптылығының болуы мүмкін емес.
Заң мен мораль, адамгершілік, әділеттік және бостандық қағидалары аяққа тапталмайтын нағыз азаматтық қоғамда ғана тұрақтылық, тәртіп және шынайы адамғершілік қарым-қатынас орнауы мүмкін.
Жұмыстың теориялық мәнінде әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы қарым-қатынас аспектілері мен толык сипаттама бере отырып, біз маңыздылығын, мәнін, жұмыстың қандай бағытта жүргізілетіндігін алдын-ала жоспар құра отырып, оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлеуметтік жұмыс - бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары.
Кәсібилік - тек жалпы мәдени және кәсіби білім мен тәжірибені меңгеру ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда өз ісәрекетін бағалай білу қабілеті арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа адамдармен қарымқатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі маңызды рөл атқарады.
...