Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қызметкердің жұмысын ұйымдастыру

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Контрольная работа  •  984 Слов (4 Страниц)  •  869 Просмотры

Страница 1 из 4

Ұйым экономикасы пәні бойынша оқу тәжірибесі

1-тақырып. Қызметкердің жұмысын ұйымдастыру.

Еңбекақы.

Жоспар:
1.1 Қызметті көрсету және жұмыс жасау нормасы, еңбек өнімділігі бойынша талаптарын анықтау.

Еңбек ресурстары – жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі немесе оның аумақтық бірлігі ауқымында қоғамдық өндіріске қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы.

Еңбек өнімділігі – алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы. (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі).

Дербес еңбек өнімділігі – бұл жеке нақты жұмыскердің немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімінің өнімділігі.

Еңбек қарқындылығы мен қауырттылығы  – бұл уақыт бірлігінде жұмыскерлер жұмсайтын адам ағзасындағы энергияның шамасы.

Еңбек сыйымдылығы – бір шығарылатын өнімді дайындайтын техникалық процеске жұмсалатын жұмыс мөлшері (саны).

Еңбекті мөлшерлеу – бұл өндірісте қолданылатын қорларға сәйкес өндірістік үдеріс кезінде белгілі бір операциялар мен жеке жұмыстарды орындауға кететін еңбек қарқындылығының тиімді деңгейін анықтау және сақтау.

Еңбекті нақты мөлшерлеу – белгілі бір технология мен жұмысты ұйымдастыру барысында кәсіпорында еңбек қарқындылығының нормативті деңгейін анықтайды.

Жеке уақыт мөлшері – бұл берілген техникалық жағдайда және белгілі бір мамандығы бар бір жұмыскердің жұмыс бірлігін (өнімін) орындауға жұмсалған жұмыс уақыты.

Ұжымдық кешенді уақыт мөлшері – берілген техникалық жағдайда белгілі бір жұмыскерлер тобының, олардың мамандық құрылымын ескергенде, жұмыс бірлігін орындау үшін бекітілген жұмыс уақыты.

Даярлық - қорытынды уақыт – бұл жұмыс тапсырмасын орындауға керекті дайындыққа және соңғысын аяқтауға қажетті уақыт.

Оралымды уақыт – еңбек затының өзгеруіне және сол өзгеріске жұмсалатын көмекші әрекеттерге қажетті уақыт.

Осы оқу тәжірибесіндегі таңдаған  «Назира» ЖШС-нің жекелеген бұйымдарын және өнімнің барлық номенклатурасын дайындаудағы еңбек өнімділігінің өсімін анықтауға мысал келтірсек:
№1 – мысал.
Берілгені: жоспарлы кезеңде А – бұйымының өндіріс көлемі 700 мың теңге,  Б – бұйымының өндіріс көлемі 300 мың теңге, В – бұйымының өндіріс көлемі   200 мың теңге. А – бұйымын дайындау кезіндегі жұмыскерлер саны – 500 адам, Б – бұйымы бойынша – 300 адам, В – бұйымы бойынша 200 адам. Есеп кезеңінде Аб – өндіріс көлемі 900 мың, Бб – өндіріс көлемі 400 мың, Вб – 175 мың. Жұмыскерлер саны Аб - 400 адам, Бб – 400 адам, Вб – 200 адам.
Әдіснемелік нұсқау: еңбек өнімділігінің өзгерісі, есеп және жоспарлы кезеңдегі өнімділіктердің қатынасы арқылы анықталады. Өнімділік бір жұмыскерге сәйкес келетін өндірілген өнім көлемі ӨК=ӨКесеп / ӨКжоспар және Сесеп / Сжоспар. Егер өнім көлемінің өсу қарқыны жұмыскерлер санының өсу қарқынынан жоғары болса, онда еңбек өнімділігі жоғарлайды. ЕӨ=ӨК/ЕШ.
Шешуі:
1) Жоспарлы кезеңдегі өнімділік
 
   А
б=700000/500=1400
   Б
б=300000/300=1000
   В
б=200000/200=1000
Барлық бұйым бойынша – 1200000/1000=1200
2
) Есеп кезеңіндегі өнімділік 
   А
б=900000/400=2250
   Б
б=400000/400=1000
   В
б=175000/200=875
Барлық бұйым бойынша – 1475000/1000=1475
Өндіру кезеңіндегі өндіріс көлемінің өсімі, ол кезде:
   А
б=(2250/1400)*100%=161%
   Б
б=(1000/1000)*100%=100%
   В
б=(875/2000)*100%=44%
   (1475/1200)*100%=123%
Жұмыскер санының өсу қарқыны 
   А
б=400/500=0,8
   Б
б=400/300=1,3
   В
б=200/200=1
   1000/1000=1
Өндіріс көлемінің өсу қарқыны 
   А
б=900000/700000=1,3
   Б
б=400000/300000=1,3
   В
б=175000/200000=0,875
   1475000/1200000=1,23

Еңбек өнімділігінің өсімі
   А
б=(1,3/0,8)*100%=162,5%
   Б
б=(1,3/1,3)*100%=100%
   В
б=(0,875/1)*100%=87.5%
   (1,23/1)*100%=123%

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (100.5 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club