Әлеуметану ғылым ретінде
Автор: Ink2009 • Октябрь 22, 2026 • Реферат • 11,377 Слов (46 Страниц) • 3 Просмотры
Жоспар
1. Кіріспе
2. Әлеуметтану ғылымының пайда болу алғышарттары
3. Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы
4. Классикалық әлеуметтанудың негізгі өкілдері
5. ХХ ғасырдағы әлеуметтану ғылымының дамуы
6. Қазақстандағы әлеуметанудың дамуы
7. Қазіргі әлеуметтану ғылымы
8. Қорытынды
9. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Әлеуметтану - Қоғам құрылыстарын, олардың элементтер мен тіршілік ету шарттарын, сонымен бірге сол құрылымдағы әлеуметтік процестерді зерттейтін ғылым. "Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның societas - қоғам және гректің logos- сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым" немесе “қоғам туралы ілім" дегенді білдіреді.
Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп,жеке ғылым болып дамығанына қарамастан,өзінің философиялық мазмұның әлі де толық жойған емес. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемалар- ды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты-әлеуметтану ғылымының пайда болуынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму тарихын қарастыру және оның негізгі өкілдері мен теориялық бағыттарын сипаттау.
Зерттеу міндеттері: әлеуметтанудың пайда болу алғышарттарын анықтау;әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын қарастыру;классикалық әлеуметтану өкілдерінің еңбектерін талдау;XX ғасырдағы негізгі әлеуметтанулық бағыттарды сипаттау;қазіргі әлеуметтанудың қоғамдағы маңызын көрсету.
1.Әлеуметтану ғылымының пайда болу алғышарттары
Адамзат тарихтың барлық кезеңінде қоғамды түсінуге, оған деген өз қатынасын білдіруге талпынды. Қоғам құрылымы туралы алғашқы және айтарлықтай толық түсінікті антикалық философтар Платон мен оның шәкірті әрі ізбасары Аристотель берді.
Тарихтағы «жалпы әлеуметтану» бойынша алғашқы еңбек деп Платонның «Мемлекетін» санаған жөн. Платон өзінің «Мемлекет» еңбегінде қоғамның құрылымы мен әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін қарастырды. Ол қоғам мүшелерінің әртүрлі қызмет атқаратынын және қоғамның тұрақты болуы үшін олардың өзара үйлесімді әрекет етуі қажет екенін жазды. Платонның шәкірті Аристотель қоғамдағы негізгі қайшылық өте байлар мен тым кедейлер арасында болатынын айтты. Алайда, ол мемлекеттің тұрақтылығы мен тәртіптің басты тірегі ретінде осы екі таптың ортасында тұрған орта тапты ерекше жоғары бағалады.
ХІХғ. басында капитализмнің қаркынды түрде дамуы калалардың өсуіне - халык өмірінің урбанизациясына әкелді. Соның салдары халықтың күрт әлеуметтік дифференциациясы, кедейлер санының артуы , қылмыстың көбеюі, әлеуметтік тұрақсыздықтың өсуі болды. Сонымен қатар, жылдам түрде тәртіп пен тұрақтылық үшін көтерілетін «орта тап» пен буржуазиялық топ қалыптасады, коғамдық ой институты нығая түседі, әлеуметтік реформаларға жақтас әртүрлі коғамдық қозғалыстар саны арта түседі.Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қоғамды зерттеу күшейе бастады. Ғалымдар қоғамды тек экономикалық, демографиялық немесе құқықтық жағынан ғана емес, әлеуметтік жағынан да зерттеуге көңіл бөлді. Осы кезеңде әлеуметтану қоғамның әлеуметтік өмірін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты және әлеуметтік өзгерістерді зерттейтін ғылым ретінде қалыптаса бастады.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген утопияшыл
...