Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұшқан ұя

Автор:   •  Апрель 25, 2024  •  Реферат  •  800 Слов (4 Страниц)  •  13 Просмотры

Страница 1 из 4

«Ұшқан ұя»

Ата-бабамыздан әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан және қатты мән берілетін дүние ол бала тәрбиесі.Бала тәрбиесі ертеден ақ актуалды мәселеміздің бірі деп айтсақ қателеспейміз.Соның айқын дәлелді бейнесін көрсете білген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы.

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабы арқылы ешкімге ақыл айтпай-ақ баланы қалай тәрбиелеу керек екенінің үздік үлгісін көрсетіп кетті. Бұл кітап мен үшін қасиетті кітап. Қазақта «Біреудің ақылы біреуге ақыл болмайды» дейді. Кітап осы ұстанымға ссүйеніп жазылған. Тіпті бұлай емес, қазақтың өмір салты осылай болған. Балаға үлгі болатын аңыз, әңгіме, қисса, жыр-дастан айтып беру, оның дүниетанымын, жан дүниесін адаамдық негізге байлап отырған. Ұшқан ұя отбасындағы өмірдің, тәрбиенің әдістемелік нұсқаулығы болуға лайықты

Ұшқан ұя шығармасы қазақ халқындағы бала тәрбиеснің рөлін өте айқын бейнеде көрсеткен және ата бабамыздың осы тәрбиеге ерекше мән беруі мен ата ананың рөлі жайлы айшықтай түскен.Жалпы бұл шығармада Бауыржан Момышұлының өз балалық шағындағы естеліктері баян етіледі.Кітаптағы басты кейіпкер әжесі,әпкесі және әкесі.Бауыржан Момышұлы өз анасынан ерте айырылғандықтан әжесінің қолында әжесінің ерке баласы болып өскен.Ал әкесі Бауыржан тәрбиесіне ерекше мән берген нақтырақ айтатын болсақ Бауыржанның кішкентай кезінен ер мінезді болып өсуіне тікелей қатысы бар.

Ұшқан ұя шығармасында бала тәрбиесіне ерекше мән бергендігін мына сөздерден біле аламыз

“Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын”.Бұл сөздерді біз Бауыржан мен әжесінің арасындағы қарым қатынасы айқын көре аламыз.Себебі Бауыржан әжесінің ертегісінен ой түйетін сол ертегі арқылы бойына қуат бітіп әрқашан бір ой түйіп отыратын.Сондағы біздің түсінетін ойымыз баланың жастайынан ертегі тыңдап өсуі оның тәрбиесі мен болашағына тікелей қатысты екенін байқай аламыз.Бала ертегі тыңдаған сайын өз қиял ұшқырына ерік беріп зерек болып өсуіне өз ықпалын тигізеді.

“Қолдан келсе, ең бастысы баланы қуанту керек. Ол қуанса, шын қуанады”.Бұл сөздерден түсінетін ойымыз бала кішкентай жасынан шыншыл болып өседі және жанындағы үлкерден үлгі алып әрқашан сол жандардан қолдау күтеді.Бала жастайынан жақындарының қолдауы мен сөздеріне әрқашан мұқтаж.Жас баланы біз қуантқан сайын сол кішкентай жас баланың келешегіне жақсы инвестиция салғанмен тең екенін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

“Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала…”.Ертегі біздің ата бабамыздан келе жатқан нағыз рухани байлық.Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселені осы Бауыржан атамыз қозғап кеткендей.Неге бала өмірінде ертегі маңызды рөл атқарады деген ой сізге келуі мүмкін.Менің түйген ойым бойынша бұл жерде терең ой жатыр.Жалпы шығарма қазіргі тілмен айтқанда инсайтқа толы десек еш қателеспейміз.Айтқанымдай ертегі жас баланың ой өрісінің дамуына,ұшқыр ойлы болуына өз ықпалын тигізеді.Бала кішкентай терек кезінде өжет,өз жасынан

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (47 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club