Дұрыс қанаттанған түзу ұшар
Автор: aiym.19970404 • Февраль 3, 2018 • Сочинение • 980 Слов (4 Страниц) • 1,272 Просмотры
Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
Жер бетінде тіршілік атауы қалыптасқан кезден бастап, адамдардың ой-санасында құдіретті күш иесі бар екендігі туралы және сол күш иесіне табыну,сену,құлшылық ету сияқты қасиеттер қалыптасты. Яғни, ерте кезден адамдардың дінге деген көз қарастары, сол дін жолымен алынған әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлері жарық шаша бастаған. Жер бетінде көп тараған діндердің бірі-Ислам діні. Ислам діні-Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен , тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.Ислам- Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінің жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат жоқ. Ислам дінің ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-әрекет міндеттелмеген.
Қазақтың салт- жоралғыларына келмей тұрып,біз осы салт-жоралғыларды қалыптастыратын, оларды болашақ ұрпаққа жеткізетін ата-баба салттарын ары қарай жетілдіретін ұрпақ тәрбиесіне тоқтала өтейік.
Бүгінгі таңда қоғамда кең таралған ой-пікірлердің көп бөлігі ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі.Белинскийдің сөзімен айтқанда: «Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі». Адам баласы дүние есігін аша сала өмірмен таныспайды, тек табысады. Өсе келе ортаға бейімделеді.Тәрбиені осы ортадан қалыптастырады. Анасының құшағына енген сәби сол кезде ортаның жылулығын сезеді. Ананың махаббатына бөленеді. Сәбидің жүрегіне ең алғашқы мейірімділік деген сезім қалыптасады. Әкесінің ержүрек, батыл баласы атанған тіршіліктің тірі бір бөлшегі осы кезде батылдықты ,еркелікті, аялауды, жақсы көруді жас жеткіншек кеудесінің түкпіріне тоқиды. Бір әкенің балаға берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды. Осылай бала ата-анасынан алғашқы тәрбиені ала бастайды. Аллаһ Тағаланың қалауымен дүние есігін ашқан балаға сай өз есімі салт-жоралғылармен, белгілі тәртіппен, атаулы есім беріледі. Мектеп табалдырығын аттап, сол тәрбиені мектеп мұғалімдерімен ары қарай жалғастырады. Қоршаған ортамен кеңірек танысады, олармен тіл табысады. Бесіктен дұрыс тәрбие көрген бала ары қарай ненің қара ,ненің ақ екендігін өзі-ақ байқап, болашақ жолын шатаспай тез табады. Ата-ананың жылы құшағына енбеген, ананың ақ сүтін ембеген қаншама бала бар. Біріншіден жауапсыз ата-ана, жауапсыз қоршаған орта бейкүнә сәбидің болашағына балта шабады. Бала өмірге келгені үшін кінәлі емес, оны осы өмірге әкелген ана кінәлі. Ананың құрсағында жетілетін сәби әр кезде ана қамқорына зәру. Бұл жандар ата-ана мейірімі дегенді білмей өседі . Олар үшін анасының күлімдегені, әкесінің тірек болғаны аса қажет. Бала тәрбие алушы және ол тәрбиені алғаш беруші ата-ана. Мейірімділікті ата-анасынан көрмесе де, олар қоршаған ортадан махаббатты таба білген жандар. Олар өздері сезбеген жылулықты өз балаларына аямай беретіндер. Себебі бұл жандар жалғыздықты, сағынышты, жоғалтуды білетін, бастарынан қиындықты өткізген адамдар. Кейбір жандар ата-анасының қамқорында бола тұра, тәрбие көрмейді, тәрбие көрсе де оны түсінбейді. Өйткені олар қиыншылықты көрмей, сағынышты білмей өседі. Өз бетімен кететін адамдар осыдан пайда болады. Ата-анасын аямай, дұрыс тәрбие алмаған бала өз баласына да дұрыс тәрбие бере алмайды. Міне, ата-бабамыздан қалыптасқан салт-дәстүрлер тәрбиеден бастау алатыны рас. Адамдар бір-біріне ғашық болып,Құдай қосқан қосағына қосылады.Олардың арасында бір-біріне деген үлкен сенім, үміт пайда болады.Ертеден келген салт-дәстүрмен олардың некелері қиылады, олар ұлы махаббатпен бір болуға тек өздеріне ғана емес, Аллаһ Тағаланың алдында да уәделеседі. Яғни, олардың некесі мейірімі мол Жаратушы Аллаһ Тағаланың алдында кесіледі. Тіршіліктің тірі дүниесін қалаған, адам баласының салт-дәстүрі ғана емес оның бүкіл өмірі сенімнен құралады. Аллаһ Тағала сен шын жүрегінмен тілек тілесен мен оны қабыл етемін деген екен. Адамгершілік құндылықтарды жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жеткізу ұлт болашағының негізі болып саналады. Адамгершілік қасиеттің бір түрі – ар-ұятты сақтау. Халық даналығында «Өлімнен ұят күшті», «Жаным арымның садағасы» , «Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деп ар-ұятты ерекше қастерлеген. «Ұят-иманға тән» деп тәрбиелеген. Адам бойындағы ең бір нәзік,шынайы сезім бар ол - достық. Адамгершілік - адамға тән ержүректілік пен мәрттік, адалдық пен достық, сабырлылық пен қанағат, шыншылдық және айтқан уәде тұру, адам арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыру, имандылық пен инабаттылықты, әдептілікті көрсететін терең мәнді ұғым болып табылады. Ата-анадан кейінгі балаға екінші ана мұғалім. Ол бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағдайда жүзеге асқанын зерттеп білу қажет. Оқушы жасындағы балаға адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімге деген құштарлығы, үлгілі,өнегелі болуы ұстазға байланысты. Білім негізі мектепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесінің алдында ұлағатты ұстаздың жауапкершілігі орасан зор.
...