Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдениетке кіріспе

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Лекция  •  4,426 Слов (18 Страниц)  •  296 Просмотры

Страница 1 из 18

                  Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортега

   

                                         ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ

                                                               9-басылым

                                                                          63-75 бет

2-ТА РА У                                    Мәдениетке кіріспе 

1-тарауда әлеуметтану адам мінез-құлқының контексін талдайтынын және сол контекстердің біздің мінез-құлқымызға қалай эсер ететінін айтқанбыз. Осы контекстің маңызды қырларының бірі - мәдениет. Мәдениет - қогамдастық м үшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі. Кей жерлерде мәдениет мемлекеттік шекаралар мен қоғамдардың аумағынан асып кетеді. Мысалы, канадалық француздар мәдениеті Канада мен Жаңа Англияда кездеседі. Енді бір жерлерде бір елдің аумағында екі түрлі мәдениет үйлесіп жатуы мүмкін, мысалы, Канадада француз және ағылшын мәдениеті қатар жүреді.

 Мәдениет, негізінен, тіл, құндылықтар және символикалық мәндер сияқты нысандардан тұрады, сонымен қатар технологиялық және материалдық нысандарды да қамтиды. Мәдениеттің жалпы бейнесі - күнделікті өмірдің жалпы проблемаларымен айналысуға қажетті физикалық, эмоциялық және философиялық «жабдықты» қамтамасыз ететін аспап (Swidler, 2001; Vaisey, 2009). Мәдениеттің тамақтану ерекшеліктерін қалай қалыптастыратынын қарастырайық. АҚШ тұрғындары тоңазытқыш, пеш, ұялы телефон, компьютер сияқты ортақ құралдар мен технологияларды пайдаланады. Олардың көбінің беріле жұмыс істеп, артынан кофе не сыра ішіп серпілудегі құндылықтары да ұқсас. Олар таңдаған сусындар мен сол сусындардың мән-матынасы - Америка мәдениетінің негізгі бөлігі. Дегенмен бір ортақ мәдениет туралы айтқанда оның ішіндегі қайшылықтарды да ескеруіміз керек. Мәселен, АҚШ халқы ұстанатын мәдениеттің біраз қырлары мормондар мен америкалық мұсылмандарға да ортақ болғанымен мормондар кофе ішпейді, сонымен бірге бұл екі топтың өкілдері де алкогольді ішімдік ішпейді.

Мәдениеттің «материалдық» және «материалдық емес» екі формасы болады. Материалдық емес мәдениетке қоғам мүшелеріне ортақ тіл, құндылықтар, ережелер, білім және мән-мағыналар жатады. Материалдық мәдениег қоғамда өндірілетін физикалық нысандарды - құралдар, көшелер, мүсіндер, ойыншықтар сияқты көптеген заттарды қамтиды. Бұл материалдық нысандар материалдық емес мәдениетке тәуелді. Мысалы, «Барби» қуыршағы мен ежелгі тас құдайдың мүсіндерінің кейбір жалпы физикалық тұрпаттары бірдей болғанымен, олардың мән-мағыналары мүлде бөлек әрі олар материалдық емес мәдениетке тәуелді.

 Мәдениетке теориялың көзқарас

 Әлеуметтанудың басқа салалары сияқты құрылымдық функцияшылдардың, конфликт теориясын қолдайтындардың және символдық интеракционистердің мәдениеттің зерттелуіне қатысты өз көзқарастары бар.

Мәдениет - қоғам мүшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі. Ол тек тілді, қүндылықтарды және символдық мәндерді ғана емес, сондай-ақ технологиялық және материалдық нысандарды да қамтиды. 

Құрылымдық-функциялық әдіс

 Құрылымдық-функциялық әдіс мәдениетті өзара қарым-қатынастың негізі ретінде қабылдайды. Мәдениет болмыс ретінде танылады және мәдениеттің қалай қалыптасатынына емес, мәдениеттің бізді қалай қалыптастыратынына баса назар аударылады. Осы көзқарасты ұста- МӘДЕНИЕТ 65 натын ғалымдар біздің мінез-құлқымыз әлеуметтік сенімдердің, құндылықтардың және тілдің ықпалымен қалыптасатынын түсіндіруге баса назар салады. Мәселен, құрылымдық функцияшылдар мәдени құндылықтар әскерге баруға немесе күнделікті дұға оқуға ынталандыруы мүмкін деп пайымдайды. Мәдениетке қатысты осы теориялық көзқарас өткен онжылдықтарда кеңінен таралды.

Конфликт әдісі

Ал конфликт теориясының ғалымдары мәдениетке әлеуметтік өнім ретінде қарайды. Олар: «Мәдениет неге белгілі бір жолмен дамиды?», «Бұл үл гілер кімнің мүддесіне қызмет етеді?» - деген сұрақтарға жауап іздейді.

 Бұл ғалымдар, мысалы, үкімет пен корпорациялар теледидарда немесе фильмде көрсетілетін нәрселерге қалай эсер етуі мүмкін екенін зерттейді.

Конфликт теориясының өкілдері мәдениеттің қоғамда билік бөлінісін қалыптастырудағы маңызын зерттейді. Олар жоғарғы таптың көзқарастары мен білімін көрсететін мәдени капитал да адамдардың билік пен мәртебеге қол жеткізуіне қаржы капиталы (яғни ақша) сияқты көмектеседі деп есептейді (Bourdieu, 1984; Lamont, & Fournier, 1992). Егер сіз ешқашан гольф ойнауды үйренбесеңіз, қызыл шарапты талғап таңдай алмасаңыз, операны бағалай алмасаңыз немесе бес түрлі шанышқымен бес түрлі тагамды қалай жеуді білмесеңіз, бұл «мәдени мешеулігіңіз» жоғарғы тап өкілдерінің іс-шараларында анық байқалады. Бұл әлеуметтік ортаның адамымен некеге түруға я сол ортада жұмыс істеуге қажетті мәдени капиталы жетіспейтін адам олардай болуға қанша тырысып бақса да күлкіге қалуы мүмкін. Сондықтан мәдениет әлеуметтік таптарды бір-бірінен бөліп түратын символдық шекара болып табылады.

...

Скачать:   txt (62.2 Kb)   pdf (331.4 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club