Жеке адамдар – әлеуметтік тіршілік иелері ретінде
Автор: akmaral_0121 • Октябрь 1, 2020 • Эссе • 399 Слов (2 Страниц) • 9,224 Просмотры
Жеке адамдар – әлеуметтік тіршілік иелері ретінде
Әрбір жеке адам – қоғамның бір бөлігі. Жалпы қоғам осы жеке адамдардан құралады.
Әлеумет дегіміздің өзі – жеке адамдардың өмір сүріп жатқан кезеңі, бір қыры, жеке қасиеттерінен құралады. Жеке тұлғаның өзіндік даму, қалыптасу тарихы бар. Ал жеке адамның қалыптасып, дамуына, физикалық және психологиялық жағдайына өзін қоршаған әлеумет тікелей әсер етеді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша да ежелден бастап адамдар әлеуметтенудің арқасында дамып, қалыптасқан дейді. Жеке адамды танып-білу, ол адамның қалыпатасуы мен психологиясын білу үшін алдымен әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Яғни туған елі, жері, отбасы, араласатын ортасы мен баратын мектебін қарастырады.
Әрбір жеке адам әлеуметтік тіршілік ретінде өзінің құқылы нәрселерін ала білуі керек. Қоғам да, мемлекет те жеке адамның құқықтарын қорғауы тиісті.
Әр адам туылғаннан әлеуметтенуге тартылады. Жеке адам өз қоршаған ортасынан өзіне қажетті махаббатты ала білсе, алдына жеке мақсат қойып, ізденсе, білім алып, еңбек етіп, өз-өзін көрсете алса, уақыты мен қабілеттерін тиімді қолдана білсе, оның әлеуметтенуі жоғары болмақ. Ал осыларға қарама-қарсы жағдайлар болар болса, ол адамның әлеуметтенуі төмен болары белгілі.
Әлеуметтанулық қиял
Әлеуметтану – әлеуметтік құрылымдарды қарастырады. Әлеуметтік құрылым қоғамдағы мәселелердің қайталануы. Ал қоғам дегеніміз адамдардан құралады. Демек әлеуметтік құрылым адамдардың басындағы жағдайларды зерттейді. Жеке адамдардың, жалпы әлеуметтік мәселелер деп түсініп, қарастыруды – әлеуметтік қиял деп атаймыз.
Әлеуметтік қиял - әлеуметтанудың басты бағыты болып саналады. Біз өз өміріміз бен басқа адамдардың өмірін әлеуметтік құрылымның бір бөлігі ретін де қарай білуіміз керек. Осы қиялды дамытқаннан кейін адамның мінез-құлығы, психологиясы мен шама-шарқы адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз. Оның орнына біз әлеуметтің адам мінез-құлқына, дамуына, қабілетіне қалай әсер ететінін түсінгеніміз абзал. Сол сияқты, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жеке тұлғаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды да өзгерту керек екенін түсінеміз.
...