Әлеуметтік желілерді, бейне ойындарды және смартфонды пайдаланудағы технологияның тәуелділік сипаты және жеке адамдар мен отбасыларға ә
Автор: Дарина Иманкулова • Октябрь 16, 2023 • Реферат • 1,678 Слов (7 Страниц) • 159 Просмотры
Қарағанды қаласы
2023жыл
Әлеуметтік желілерді, бейне ойындарды және смартфонды пайдаланудағы технологияның тәуелділік сипаты және жеке адамдар мен отбасыларға әсері
2курс студенті
Иманкулова Дарина Бахтиярқызы
Технологиялық тәуелділік
Техникалық тәуелділік-технологияның соның ішінде әлеуметтік медианы,бейне ойындарды және смартфонды пайдалануды және оның жеке адамдар мен отбасыларға әсері болып табылады. Бұл тәуелділік эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, әлеуметтік қабылдауға ұмтылу және шындықтан қашу сияқты әртүрлі факторлардан туындауы мүмкін. Технологияға тәуелділіктің бірінші мағынасы баланың күнделікті өмірде медициналық жабдықты қажет етуі.Бұл әртүрлі құрылғыларды қамтуы мүмкін.Екінші мағына балалардың күнделікті өмір бойы жұмыс істеуі үшін технологияны пайдаланудан туындайды.Бұл жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін және салауатты өмір салты ретінде қарастырылмайды. Баланың технологияға тәуелділігі бала өмірінің бірнеше саласына әсер етуі мүмкін.Қазір 21 ғасырда әлеуметтік желі мен технология дамыған заман десек қателеспейміз.Адам өмірінде технология адамдардың күнделікті өмірінде барған сайын манызды рөл атқарады.Әлеуметтік желілер мен бейне ойындар дан бастап смартфондарды пайдалануға дейін технология біздің қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Сол сияқты технологиялық тәуелділікте артуда. Дегенмен, олардың танымалдылығы артқан сайын, ықтимал тәуелділік және бұл тәуелділіктің жеке адамдар мен отбасыларға әсері туралы сұрақтар туындайды. Бұл мақалада біз технологияның тәуелділік сипатын және оның жеке адамдар мен отбасыларға әсерін талқылаймыз.
[pic 1]
Технологияларды қолдану адамның психикалық денсаулыққа әсер ететіні дәлелденді. Физикалық және психикалық денсаулық өте маңызды, сондықтан жас ұрпақтын технологияны пайдалануы және оның психикалық денсаулығына қалай әсер ететінін білу - ескерту белгілеріне назар аудару өте маңызды болып табылады. Әлеуметтік желі мен депрессия арасында байланыс бар.Менің ойымша,біз қанша тырысқанымызбен технологиямен әлеуметтік желі керек емес деп айта алмаймыз.Себебі,қазіргі танда ғаламтор желілірін қолданушылар мен сол арқылы даму,керек ақпараттар табу,өз жұмысын жасау,хабар алмасу т.б. сияқты мәселелерде маңызды болып отыр. Технологияға тәуелділіктің белгілері адамда ғаламторға үйрену барысында,көп уақытын бос өткізуде пайда болуы мүмкін белгілерге ұқсас. Телефонға қол жеткізе алмағандықтан жүйке күйзелісі, қобалжу және агрессия болуы мүмкін. Бұл эмоциялар басқа нәрсе туралы ойлау немесе күнделікті өмірде өзгелермен араласуын нашарлатуы мүмкін.Терлеу және діріл сияқты физикалық белгілер де технологияға тәуелділіктің нәтижесі болуы мүмкін. Бұл әсерлер қаншалықты күшті болуы мүмкін екенін көрсетеді, өйткені симптомдар психикалық және физикалық болуы мүмкін.Егер олар әр затқа тез ашуланып,қайта қайта әлуметтік желіден шықпай қоғамен араласқысы келмесе мазасызданса немесе ашуланса, бұл тәуелділіктің айқын бола бастағанын көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оған одан әрі ауыртпашылық салмай эмпатияны қолданып жанашырлық пен түсіністікпен жауап беру маңызды.
Әлеуметтік желілер, бейне ойындарды және смартфонды пайдалану, жеке адамдар мен отбасыларға әсері
Әлемде орын алып жатқан мәселелердің бірі технологиялық және смартфонға деген тәуелділік.Енді өсіп өңіп жатқан жас ұрпақтын әлеуметтік желіге деген қызығушылығы сонын салдарынан отбасылық дау-жанжалдар туындауы жәнеде адамға деген психикалық зияны тиюуі болып отыр.Қазірде ғаламторда қаншама бейне ойындар,қызықты ақпараттар,неше түрлі бейне жазбалар,суреттер,программалар бар.Олардың өздеріне тән өзгешелік пен қызықты жақтары адамды өзіне тартады. Интернетке тәуелділіктің спектрі бейне ойындарды, онлайн-дүкендерді, құмар ойындарды және әлеуметтік медианы қамтығанымен, бейне ойындарға тәуелділік ең көп зерттелген түрі болып көрінеді.
...