Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеке бастық, әлеуметтік, іскер сфералардағы қатынастардың бұзылу себептері,Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Реферат  •  2,167 Слов (9 Страниц)  •  4,820 Просмотры

Страница 1 из 9

        Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

               Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

СӨЖ №2

Тақырыбы: Жеке бастық, әлеуметтік, іскер сфералардағы қатынастардың бұзылу себептері,Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт.

                                                      Реферат

Факультеті: Заң факультеті

Мамандығы: Құқықтану

Орындаған: Есен Абылай

Тобы: 102

Тексерген:Садыкова Назира Маргушовна 

            2021 жыл

Жеке бастық, әлеуметтік, іскер сфералардағы қатынастардың бұзылу себептері

                                                   Эссе

 Ғалымдар қарым – қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыратын бес түрлі себепті атап берді. Жиі алғыс білдірмеу: Қарым-қатынас барысында адамдар бір бірінен төсекте, психологиялық немес материалдық тұрғыдан қолдау қалайды. Дегенмен, көп жағдайларда сүйіктіңізге алғыс білдіруді ұмытпаған дұрыс. Екі жұптың арасында гармония орнай алмауының себебін ғалымдар осында деп отыр. Сын айту, қорлау: Ұрыс-керіс барысында өзін ұстай алмау, жұбының намысына тиетін ауыр сөздер айту көптеген жұптарда кездеседі. Келіспеушілік барысында тек қана бір жақты кінәлап, қысым көрсетуге болмайды. Себебі, сүйіктіңдің көңілі қалуы немесе жүрегіне дақ болып сақталуы мүмкін. Сезімді жасыру: Өз сезімдеріңізді іште жасырып, құпия сақтаған дұрыс емес, «керісінше сырыңызды бүкпей, ашық айтуға тырысқан жөн», - дейді ғалымдар. Кез келген реніш пен келіспеушілікті асықпай отырып, ақылдасып шешкен тиімді. Қарым-қатынастағы тоқырау: Адам да өсімдік сияқты ылғи да өсіп, дамып отыруды керек қылады. Көптеген жұптарда ортақ мақсаттар болады, дегенмен жеке тұлға ретінде ізденіс пен дамуды тоқтатпағаныңыз абзал. Себебі, адамдардың бір бірін танып білгеннен кейін, сүйіктісіне деген қызығушылығының азая бастайтыны жиі кездеседі. Шындықпен бетпе-бет келу. Мұндай жағдай көпшілігінде қарым-қатынастың алғашқы айларында жиі кездеседі. Адамдар алдымен сезімге ерік беріп, жұбының шын мәнінде қандай адам екеніне көз жеткізбейді. Нәтижесінде, оның мүлде басқа адам екенін көріп, тіпті бұрын көрмеген кемшіліктерін байқап, өкініп жатады. 

Жоғарыда айтқан мәліметтер жеке бастық қатынастарға қатысты айтылған. Бірақ әлеуметтік қатынастарға да ұқсас.Себебі,адамдар отбасында өзін қалай ұстаса,қоғамда да сол мінез-құлықты ұстанатыны айтпаса да белгілі. Және оның қырсық,жағымсыз мінезі барлық адамдарға ұнай бермейді. Сосын қоғамдағы қатынастар бұзылады.Дегенмен де отбасында басқа, жұмыста мүлдем басқа адамдар бар. Оларды екі жүзді адамдар деп айтсақта болады.Әрине,бүл менің жеке ойым және барлық адамдарға бірдей топырақ шашпаймын.Себебі, Отбасында да, жұмыста да,қоғамда да өздерін тек жақсы жағынан көрсететін адамдар да бар.Және олар көбінесе өз орталарына сыйлы болып келеді.          

                   Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт.

                                                    Реферат        

             Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді.

Агрессия түрлері

1. Физикалық және вербальді болып келеді.

 Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;

 Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.

2. Тікелей және жанама

 Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған;

 Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

3. Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия

 Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;

 Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;

4. Қорғаныш және арандатқан (провокация) Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;

5. Жаулық және инструментальді

 «Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру.

 Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл "инструментальді" агрессия.

Қарым-қатынастағы агрессияның алдын алу.

1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Білім болмаса, адам қалай өзін тәрбилей алады? Ол психология, коммуникация, вербальды емес қарым-қатынас жайында әдеби оқулықтар оқуы тиіс. Егер білімді біліп, меңгерсе, баланы тәрбиелеуге көшу керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек. Керекті әдебиет материалдары: Дебра Хаффнер «От пеленок до первых свиданий», Франсуаза Дольто «На стороне ребенка». 2) Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз. 3) Кешірімді болу. Қазіргі заманда, уақыт өте құнды болып тұр. Адамдар үнемі асығыс. Біреулері жұмысқа, не оқуға, не т.б. жерлерге. Қазіргі заманда адамдар эгоист. Олар өз пайдасын ойлап, жер әлемінде индивид деп санайды. Ия, біз барлығымыз индивидпіз. Бірақ, өте көп болғанымен, күнделікті өмірде бірдей көрінеміз. Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды. 4) Қалжың, көңілді көңіл-күй. Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады. 5) Артын ойлау. Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеу тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс. 6) Спортпен айналысу. Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады. Және бұл денсаулыққа өте пайдалы.

Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.

Егер әңгіме адамдардың бір-біріне әсерінен тундайтын болса, қақтығыстың жекелеген анықтамасы келісімге келмейтін қарама-қарсы формасында көрініс табады.Қақтығыс ашық және жасырын түрде өрбуі мүмкін, бірақ олардың негізінде әрқашан келісімге келмейтін пікірлер жатады. Сондықтан да қақтығыс екі немесе одан да көп кісілер мен топтардың арасындағы қайшылықтар негізінде анықталады.

Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке қатысады.

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (142.6 Kb)   docx (749.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club