Білім саласындағы реформалар және үштілділік
Автор: Adinna1 • Февраль 1, 2018 • Доклад • 1,418 Слов (6 Страниц) • 1,217 Просмотры
Берікбай Әсем, 3 курс
Білім саласындағы реформалар және үштілділік.
Бүгінде еліміздің өркениетті болашақ жастары білім саласында ерекше орынға ие. Олай дейтініміз білімді де, білікті шебер ұстаз тәлімінің жетістігі іспетті. Бүгінде білім саласында күллі ел әр түрлі жаңалыққа құмар. Яғни елдің білікті де, білімді болашақ ұрпағын даярлау аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әр елде білім деңгейі әр түрлі. Мысалы, Азия елдері болашақ ел ертенін қалай тәрбиелейді? Соның ішінде Қытай оқушылары бүгінде білім саласында аса ірі жетістіктерге ие. Олай дейтініміз Қытайлық ата-аналар балаларын техникалық мамандықтарға қарай бейімдейді. Сонымен қатар жоғарғы оқу орнындарында отансүйгіштік, адамгершілікке бейімдеу пәндері өте жақсы тыңғылықты ұйымдастырылған. Олардың бір артықшылықтары оларда тек өздерінің тілдерінде сөйлеп, білім саласында осылай көрінуде. Ал Жапон халқы балаларын 3 жастан бастап жаңалық ашуға бейімдейтін үйірмелерге жиі апарады. Сонымен қатар оларда тек 12 жастан бастап қана басқа тіл үйреніп оқуға, оған дейін олар өздерінің ана тілдерін еркін меңгеруге тәрбиеленеді. Олар балаларына жат елдің тың идеяларын ұрлап, оны өз елінің игілігіне пайдалануға тәрбиелейді.Сондықтанда болар Қиыр Шығыста жатып тып-тыныш әлемді мойындатуда. Ал біздің елімізде білім саласы жұтан емес.
Елбасымыздың әр жолдауында үштілділік жайлы жиі айтылып кетеді. Өзінің кезекті жолдауының бірінде Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.[1] Осыған орай еліміздің бірқатар білім бағдарламаларында ағылшын тілі еңгізіліп, біріші сыныптан бастап үштілділікке баулуға баса назар аударылыуда. Олда біздің білім саласындағы жаңашылдылыққа бет бұрыс. Осылай біз барлық елдің озық технологясын меңгеріп елбасының жаңа жаһандық бет бұрысының биік белесіне жететініміз анық. Біздегі үштілділік саясаты озық білім үлгісінің бір көрінісі. Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатырмыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Үштілділік бағдарламасы бойынша қазақ тілі соның көленкесінде қалып қояды деп қорқамыз. Бұл қате пікір, тіл жайында Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде тілдің ерекшелігін былайша көрсетеді тіл–этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытын зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз қазіргі заманға сай келбетін таныту. Яғни тіл өз құндылығын жоғалтпайды тек басқа тіл аясында оның маңыздылығы одан сайын айқындалады.[2] Үштілділік ол біздің басқа елдерден білім саласында жасап отырған артықшылығымыз. Бүгінде үштілділік аясында еліміздің жоғарғы оқу орындарында мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту жүйелі түрде жүзеге асырылуда.Түрлі тіл үйрену курстары ақысыз түрде жүргізіліп жатқандарыда бар. Ал мектеп оқушылары балабақшадан бастап ағылшын тілінде санап, оқу секілді жұмыстар орындалып жатыр.Тіпті кейбір еліміздің зиялы қауымдары үштілділікке күмәнмен қараған. Ол жүзеге аспайтын құбылыс депте түиіндегендер бар.Солардың бірқатарын мысалға алатын болсақ. Қабдеш Жұмаділов жазушы: «Маған біздің билік, біздің мемлекет қазақ ұлтың жоюдың жоспарлы саясатын жүргізіп жатқандай әсер етеді. Ұлтты құртудың бірнеше тетігі бар. Соның бірі-жер. Жерінен айырылған ұлт өздігінен жойылады. Екінші тетік-тіл. Ғасыр басында«Тілі жоғалған жұрттын өзіде жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов бекер айтпаған» деп ол кісі сөзін осылай түйіндеген. Бірақ елбасымыз бұл жобадан қорқатын еш себеп жоқ, себебі заман талабы соны талап етіп жатқаның қадап айтқан болатын. Иә, расында заман талабына сай мемлекет болу үшін алдыға қойар мақсатымыз айқын болары шарт. Елбасымыздың 2050-жылы 30 эканомикасы дамыған мелекеттің қатарына кіру үшін тіл мәселесіне назар аударуымыз шарт. Білім саласындағы ең озық технология ол тіл. Себебі, « бір тіл білсен бір адамсын, екі тіл білсен екі адамсын » деп бұрыңғы ата-бабамыз бекер айтпаған. Біз жаңашылдықтан қорықпауымыз керек. Жаңа технология заманы болғандықтан оны ұтымды пайдаланатын жақты іздестіруіміз керек.
...