Білім берудін жана парадигмасы және мүfалiмнiн рөлі
Автор: Oksana.00000 • Сентябрь 23, 2021 • Реферат • 1,555 Слов (7 Страниц) • 460 Просмотры
«Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
[pic 1]
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ
ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Дайындаған: З.Е.Темірғали
[pic 2]
2017-2018 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ..............................................................................................................3
ІІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ.........................................................................................................................4
ІІ. 1. БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАЛАРЫ........4
ІІ. 2. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ...........................5
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................9
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................10
V. ҚОСЫМША....................................................................................................11
І. КІРІСПЕ
Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар.
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
ІІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Жоспар:
І. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары.
ІІ. Білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі.
І. «Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес [1]. Оларға мыналар жатады:
1.Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.
...