Шылау, лексика-грамматикалық сипаты
Автор: Burlen0000 • Сентябрь 24, 2023 • Эссе • 428 Слов (2 Страниц) • 110 Просмотры
Эссе
Шылау,лексика-грамматикалық сипаты.
Септеулік шылауларға мысалдар жазып, дәлелдеңіз.
Шылау-тіл білімі саласындағы сөз табының бірі.Ол сөйлем ішіндегі сөздерді бір бірімен байланыстырып,жалғап ,демеп тұрады.Қазақ тілі білімінің басында тұрған Ахмет Байтұрсынұлы.Сол себепті кез-келген тіл біліміне қатысты дүниені сол кісіден бастамасақ болмас.Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы «Тіл-құрал» еңбегінде шылауды үстеу ,демеу , жалғау деп үш түрге бөлген.Көріп отырғанымыздай,ғалым қазіргі кезде жеке сөз таптары ретінде саналып жүрген үстеуді шылаудың құрамына кіргізген.Сонымен қатар әрқайсына жеке анықтама беріп өткен.Ахмет Байтұрсынұлы анықтама беру барысында барынша ауызекі сөздерді қолдана білген ,соған байланысты берілген ақытамасы өте түсінікті.
Үстеуге сан есім, сын есім, есімдік, етістік сөздерді күшейту,толықтыру үшін айтылатын сөздер деген міндегі түсінік береді. Тілімізде нағыз,яғни түпкі үстеулер аз екендігін де атап өтеді.Бірақ олардың орнына көбіне есімдік,етістік,есімдер жүретіндігін де ескертеді.Ғалым үстеулерді өз ішінде сынаулық,демеулік,өлшеулік,мезгілдік деп төрт түрге бөледі.Әрқайсына жеке түсінік бере отырып,мазмұнын ашып береді.Ғалымның ерекшелігі үстеуді де шылау құрамына кіргізуінде және шылауларды топтарға бөлу сипатында. Себебі бәрімізге белгілі қазір үстеулер төртке емес үш түрге бөлінген.
Морфология саласына өз еңбегін сіңірген ғалымдардың бірі Нұржамал Оралбай апамыз.Ғалымның «Қазақ тілінің морфологиясы»атты еңбегінде шылаулар жайлы ақпараттар беріледі.Шылаудардың дыбыстық құрамы жағынан және грамматикалық мағына білдіруі жағынан көмекші сөздердің ішіндегі қосымшаға ең жақын түрі екендігі жайлы сонымен қатар,олардың талайы тіркесімге түсетін сөзін таңдап,белгіл бір грамматикалық категориялардың ғана көрсеткішін қолданып,сол категорияға ғана қызмет ететіндігі айтылады.Сонымен қатар,Нұржамал апайымыз шылауларды қазіргі тіл білімі саласындағы бөлінісімен үндес тұлғада бөлгендігін аңғара аламыз.Шылаудың әр түрін кеңінен талқыланған.Мысалы,Септеулік шылауы бар септіктер қатарына атау,барыс,шығыс,көмектес септіктерді жатқыза отырып,әрқайсына жеке анықтама беріп,мысалмен тәптіштеп түсіндірген.
...