Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының өсу ортасының физикалық-географиялық сипаты

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Курсовая работа  •  5,971 Слов (24 Страниц)  •  1,869 Просмотры

Страница 1 из 24

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................31.Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының жалпы сипаттамасы.............4

1.1 Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының систематикалық құрамы...........6

1.2 Ерінгүлділер (Lamiaceae) немесе Тауқалақайгүлділер (Labiátae) тұқымдасының таралуы....................................................................................9

2. Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының өсу ортасының физикалық-географиялық сипаты...................................................................................15

2.1 Ерінгүлділер (Lamiaceae) немесе Тауқалақайгүлділер (Labiátae) тұқымдасының медицинада қолданылуы.........................................................17

2.2 Ерінгүлділер (Lamiaceae) немесе Тауқалақайгүлділер (Labiátae) тұқымдасынан алынған зерзат – Leonurus quinquelobatus Gilib өсімдігінің шаруашылықтағы маңызы...............................................................................20

Қорытынды....................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................22

Кіріспе

     Курстық жұмыстың өзектілігі:

      Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы.

Cасықшөп (лат. Leonurus) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын екі не көпжылдық шөптесін өсімдіктер тегі.

Таралуы: Еуразияның қоңыржай белдемінде 15 түрі өседі. Қазақстанда Тобыл — Есіл, Балқаш — Алакөл алқабында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алтай, Тарбағатай тауларында, Күнгей, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында кездесетін 4 түрі бар:

жасыл сасықшөп (L. glaucescens)

Түркістан сасықшөпі (L. turkestanіcus)

қабықшалы сасықшөп (L. panzerіoіdes)

бозғылт сасықшөп (L. іncanus)

  Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.

    Курстық жұмыс мақсаты: Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасына жалпы сипаттама беру, олардың тіршілік жағдайларын зерттеу, ерінділүлділер тармағына талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеті:         

  • Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының физикалық-географиялық сипатын анықтау;
  • Медицина, шаруашылықтағы маңызын қарастыру.

 1.Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының жалпы сипаттамасы

   Ерінгүлділер (лат. Lamiáceae)  немесе Тауқалақайгүлділер (лат. Labiátae)

Туысы – 270 (45), түрі – 3500 (234)

Гүлі - ↑ Ca(2+3) Co(2)+(3) А2+2 G(2)

Таралуы – бүкіл жер шарында, басым көпшілігі Жерорта теңізінде және Орталық Азияда.

Тіршілік формасы – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталы, бұталы.

Тозаңдануы – жәндіктермен.

Жемісі – ценобий немесе төрт жаңғақты түсетін көп жаңғақты; жануарлар, жел, су арқылы таралады.

Қосжарнақтылар класының тұқымдасы, тұқымдасқа 250-дей тегі және 7850-дей өсімдіктер кіреді, оның арасында кең таралған: жалбыз, сәлбен, жаужапырақ, тасшөп, киікоты, т.б. түрлер кіреді. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар.                                                                                                                  

[pic 1]

Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.                                                                                        

...

Скачать:   txt (56 Kb)   pdf (793.9 Kb)   docx (545.3 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club