Абай шыfармашылыfынын бyгiнгi коfамдаfы манызы
Автор: Otaraliyeva • Март 5, 2020 • Статья • 1,420 Слов (6 Страниц) • 486 Просмотры
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Жамиева Эльмира Сабитқызы
Құқықтану мамандығы 1- курс студенті
Дін-руханияттың өзекті саласы. Жұртшылықты әсірісе, еліміздегі діни ахуал қатты мазалап отыр. Бұл кейінгі он жылда жастардың дінге бет бұру тенденциясы өте жоғары көрсеткішке жеткенімен, рухани дін жолына түскен жастарымыздың дәстүрлі діннен ауытқып, өзгенің жетегінде кеткені басым болып отыр. Сол себептен Абай ілімінен ғибрат алу, оны пайдалану мәселесін зерттеуді мақсат етіп қойдым.
Менің бұл тақырыбымда алға қойған міндетім Абайдың теологиялық көзқарасының бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын таныту, жан-жақты тереңдей зерттеу және ұлы тұлғаның мәңгілік мұраларын жастар арасында насихаттау.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ислам діні халықты ұлтқа, ұлысқа, тіліне, діліне қарап бөлмейді. Бүкіл адамзаттың баласын бауырым деп санайды. Қазақстанның көпшілік жұрты, яғни 70 пайызға жуығы мұсылман. Сол мұсылман халықтың ауыз бірлігі күшті болса, ең алдымен өз қазағымыздың ауыз бірлігі зор болса, біздің болашағымыз мұнан да жарқын» деп діни төзімділіктің елдің бірлігі мен тіршілігіндегі орнын ерекше ескереді.
Ғұлама Абай осыдан екі ғасыр бұрын алдын-ала ескерткендей: «Тек аят және хадис қана талассыз қабылданып, қалғанын имани ақылмен ұғынып, ақиқатын алуымыз қажет» - деген болатын.
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,
Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.
Абай діннің шын мәні бұрмаланып, оның түпкі мақсатынан ауытқуының себебін айтқан.
Абай ілімі бойынша адамның негізгі міндеті – Алла тағалаға құлшылық ету екені жөнінде көптеген дәлелдер келтiруге болады.
Алла тағалаға қайту үшiн адамның барлық іс-әрекеті Оның разылығы үшін болу керек. Сонда адам Оның сүйiктiсiне айналады. Ал, Алла тағаланың сүйіктісі болуға Оған құлшылық ету арқылы ғана жетуге болады.
Абай өзiнiң жиырма жетiншiқара сөзiнде айтады. Ол адам баласын хайуаннан артық жаратқанына дәлел келтiрiп келедi де, әрi қарай былай дейдi:
«Ол дәлел болса, адам баласын артық көрiп, қамын әуелден Алланың өзi ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Ендi адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар екенi мағлұм болмай ма? »
Дүниеге, дінге Абайдың көзімен қарауды үйрену, санаға сіңіру өмірдің сұранысы.Себебі, Абай бұл өмірдің қысқа және өткінші екенін ескертіп, адамды тура жолға салу үшін былай деді:
Адамзат-бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
Діннің құлдырау себептерінің бірі, адамның өз нәпсісін тыймауының кесірінен екенін айтып келеді де, ақын сөзін былай деп жалғастырады:
Алла ішіңді айтқызбай біледі ойла,
Пендесіне қастықпен кінә қойма.
Распенен таласпа мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!
Дін білімінің шыңы-теология. Тәңірді тану. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды.
Абайдың дін мәселелері –құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Абай ұғымынша құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш, «жақсылық, жамандықты жаратқан-құдай,ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан-құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты,кедейлікті жаратқан- құдай, бай қылған,кедей қылған құдай емес».Екіншіден құдай-жазалаушы куш, адамгершілік заңымен өмір сүрмегендерді құдай атады, ант ұрады.
...