Қазақстан Республикасының қазіргі тарихи типтік – жағдайы
Автор: mukhtarova • Ноябрь 29, 2018 • Реферат • 8,738 Слов (35 Страниц) • 935 Просмотры
Жоспар:
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І Мемлекет типологиясы.........................................................................................4
- Мемлекетті типке бөлудің тәсілі. Марксистік теория............................4-11
- Мемлекет типологиясының цивилизациялық әдісі, оның негізгі критерийлері.....................................................................................................11-13
- Мемлекетті жіктеудің тарихи хронологиялық түрлері........................12-14
ІІ. Қазақстан Республикасының қазіргі тарихи типтік – жағдайы...................14
2.1 Қазақстанды үш тарихи типология тұрғысынан қарастыру..................14-17
2.2. Қазақстан мемлекетін нығайту – тұрақтылық пен прогрестің басты
факторы.............................................................................................................17-28
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
Кіріспе.
Адамзат дамуының мыңдаған жылдарға созылған тарихында бірін-бірінің орнына келіп жатқан мемлекеттер көп болды, олар қазіргі кездің өзінде де аз емес. Осыған байланысты оларды топтастыру мәселесі қазіргі кезде өте күрделі мәселелердің қатарына жатып келеді.
Мемлекет типологиясын айтпастан, жалпы мемлекет дегеніміз не? Мемлекет деген қоғамда басқару, билік жүргізу функцияларын іс жүзіне асыратын арнайы адамдар тобынан құрылған саяси ұйым. Сол себепті мемлекеттің тарихи даму кезеңдеріне орай олардың өздеріне тән типтері қалыптасады.
Осы мемлекеттердің өздеріне тән айырмашылық негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисының айқындайтын ғылыми жіктеу - типология деп аталады. [1]
Марксистік типология бойынша мемлекет төрт типке ( құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік) бөлінеді.Әр типтің өзіне тән ерекшеліктері және де қызметтері бар. Бұл типтер бір-бірімен байланысты болғанымен, айырмашылықтары да өте көп. Соңғы кездерде мемлекеттердің типін тоталитарлық, авторитарлық, либералдық және демократиялық деп бөлу кең етек алған.
Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық – экономикалық формация пайда болады.Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады.
Курстық жұмыстың мақсаттарына тоқталып кететін болсам, олар: мемлекет типологиясына кеңірек анықтама беріп,олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталу. Олардың атқаратын қызметтерін атап көрсету.Сонымен қатар мемлекетті жіктеудің әдіс-тәсілдерін көрсету және де адамзат тарихында болған мемлекеттердің тарихи-хронологиялық түрлерін көрсетіп беру. Қазақстанды үш тарихи типология тұрғысынан қарастыру болып табылады.
Мемлекетті топтастыру олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Мемлекеттің дамуы бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі болып табылады. Оны анықтап түсінгеніміз – бүкіл тарихты жақсылап оқып, қамтығандығымызды білдіреді. Мемлекеттің дамуы үздіксіз процесс болып табылады және уақыт өткен сайын олардың жаңа типтерінің пайда болуы да ғажап емес. Сондықтан да бұл институтты зерттеу өте қызықты болып табылады.
- МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ
1.1Мемлекетті типке бөлудің тәсілі. Марксистік теория
Мемлекеттің даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты болып табылады. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференцияциалау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданытынын көрсетуге тиіс.
...