Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан тарихы. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері

Автор:   •  Апрель 8, 2024  •  Реферат  •  1,110 Слов (5 Страниц)  •  127 Просмотры

Страница 1 из 5

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет

Жоба

“Қазақстан тарихы. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері мен типтері”

                                                                            Орындаған: Нұржан Даяна

                                                         Тексерген: Айнұр Жақыпқызы

2024 жыл

Мазмұны:

  1. Кіріспе бөлім;

  1. Негізгі бөлім:

  • Көшпеліліктің пайда болу алғышарты;
  • Көшпелі мал шаруашлығы негізінде көшіп қону алғышарттары;
  • Қоныстану негізіндегі географиялық факторлары;
  • Көшпенділердің өмірі мен тұрмысы;
  1. Қортынды бөлім:
  • Көшпенділер мен отырықшылардың айырмашылығы;
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мал шаруашылығы ежелден адам баласына тән шаруашылық болып табылады. Алғаш жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен бастау алады. Адамдар жануарларды көлік және азық пен сауда саттықта пайдаланды. Мал шаруашылығының алдымен көшпелі түрі кейіннен жартылай көшпелі түрі дамыды.

Негізгі бөлім:

1.Көшпеліліктің пайда болу алғышарты:

 Көшпелі мал шаруашылығы қазақ далаларында  алғаш б.з.б 2 мыңжылдық бұрын пайда болды. Пайда болу себебінің бірі  б.з.б 2 мыңжылдықтың орта бөлігінде егіншілікпен айналысу тиімсіз екендігі анықталды. Табиғатта құрғақшылық орын алып, жауын шашым болуы азайды сондықтан адамдар мал шаруашылығын қалыптастырды. Алғаш қолға үйретілген қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі – арқар, ешкінікі- таутеке болды. Оған дәлел ретінде Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкі сүйегі табылды.

 Бұл суретте  б.з.б 2-1 ғғ жартастарға салынған қолға үйретілген және жабайы түйелер.[pic 1]

  Мал және оның өнімдері Ресей, Қытай т.б көрші елдерге өнеркәсіп бұйымдарына алмастырылып отырды.

   Малды баптау барысында қоныстарын жиі ауыстырып отырды. Жайлы және ық жерлерді таңдады.

2. Көшпелі мал шаруашлығы негізінде көшіп қону алғышарттары:

  Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығына байланысты  күздеу мен қыстау маңдары ретінде қар аз түсетін құрғақтау шөлейтті жерлерді таңдады мысалға: Маңғыстау түбегі мен Батыс, Орталық Қазақстан жерлері алынды. Бұл жерлер құрғақшылығы мол құмды болғандықтан бұл жерлерде қой мен түйені өсіру қолайлы болды. Түйе ыстық пен құрғаққа төзімді мол азық беретін әрі күшті көлік ретінде қолданылды.

   Суы мол шөбі шүйгін жерлер көтеу мен жайлау ретінде таңдалды мысалға: Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлеріне қоныстанды. Бұл жерлер су мол орманшыл жерлер болғандықтан төрт түлік малдың барлығына қолайлы болды.

   Орта жүз қазақтары Сарысу, Шу және Сырдария орта ағысын қыстап, жайлауға Ертіс, Есіл, Тобыл бойына жайғасты.

   Кіші жүз қазақтарының қыстауы ретінде Каспий теңізінің жағалауы мен Сырдария, Амударияның төменгі ағысын қоныстанды. Жайлау ретінде солтүстік далалық аймақтарға шыққан.

 

3. Қоныстану негізіндегі географиялық факторлары:

 Қыстау мен Жаздау орындарын географиялық тұрғыда бағалайтын болсақ. Қазақстанның оңтүстігі жазды күндері көптеген сусыз жайылымдар пайдаланылмай, қысты күні қар түскеннен кейін қысқы жайылым есебінде пайдаланылды.

   Солтүстік өңірлер толып жатқан жайылым қар астында қалатындықтан, жазды күні қай жері болмасын жанға жайлы жайлауға айналды.

    Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.

...

Скачать:   txt (14.1 Kb)   pdf (175.7 Kb)   docx (284.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club