Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Автор: Kanatnazgul • Март 12, 2019 • Курсовая работа • 6,334 Слов (26 Страниц) • 816 Просмотры
Ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
I бөлім Ырымшылдылықтың психология ғылымында зерттелінуі | 5 |
| 5 |
| 10 |
| 12 |
А тұжырымы | 14 |
II бөлім Қазіргі кездегі жастардың ырымшылдығын эксперименттік зерттеу | 17 |
| 17 |
| 19 |
Ә тұжырымы | 25 |
Қорытынды | 26 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 28 |
Қосымша | |
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Біз күнделікті өмірде формальды-логикалық түрде түсіндірілуі қиын көптеген психологиялық жағдайларды кездестіреміз. Наным–сенімдер мен жорамалдар күнделікті өмірге елеулі әсерін тигізгенімен, ғылыми білімнің пәніне айналуы өте сирек (Э. Аронсон, А. Леман, Т.Г. Стефаненко, О. Христофорова, А.В. Юревич және т.б.). Күнделікті білім формалары адам өмірінде маңызды функцияларды орындайтыны белгілі: әлеуметтік қарама-қайшылықтар жағдайындағы белгісіздікті «жояды», белгісіз, шатастыратын әлеуметтік объектіні немесе құбылысты белгілі бір нәрсеге айналдырады.Бірақ та, жорамалдар индивидтердің күнделікті саналарындағы құбылыс ретінде аз зерттелген формасы болып қала береді. Дегенмен ырымшылдық өмірде кең таралған құбылыс, оған қоса ол әрбір адамда кездеседі. Күнделікті өмірде жорамалсыз жүрген адамды кездестіру өте сирек кездесетін жағдай. Ресей ғылым академиясының әлеуметтану институтының зерттеушілерінің мәліметтері бойынша белгілі бір құбылысқа деген сенімділік, ғылыми дәлелденбеген, керемет әрі сиқырлы, әртүрлі жыныстағы және барлық жастағы адамдарға тән әлеуметтік статус болып табылады.
Сандардың, күндердің, заттардың сиқырына адамдардың сенуі оның әлемге деген архаикалық көзқарасын, тіл қатынасын көрсетеді, яғни, олардың сокрализациясына апарады. Тіпті, ең күмәнді қарайтын ғалымдардың өздері өмірлерінде бір рет болсын сиқырына сенуге болатын қайсібір затпен байланысты салт жораны басынан өткереді (Э. Аронсон, К. Сагуеаіһ). Айта кететін бір нәрсе, адамдардың жорамалдылығы қоғамдық дағдарыста өмір сүріп жатқан уақытта тез өседі (М. Нооё Бгиее). Қазіргі әлеуметтік – эканомикалық дағдарыс бүкіл әлемді шарпыған уақытта, жорамалдылықты зерттеу одан да өзекті мәселеге айналып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізіретінде көпшілік саналылық, күнделікті саналылық сияқты феномендерді зерттеуге арналған тәсілдер жатады: (А.И. Донцов, Т.П. Емельянова, Л. Леви-Брюль, К. Леви-Стросс, С. Московичи, Г.Г. Почепцов, А.В. Юревич), күнделікті білімнің әр түрлі формалары, стереотиптер, теріс ұғымдар мен наным-сенімдер, әлеуметтік ұстанымдар сияқты (В.С. Агеев, Г.М. Андреева, Э. Аронсон, А.И. Донцов, Т.П. Емельянова, И.С. Кон, Д. Майерс, С. Московичи, Т.Г. Стефаненко) мәселелерді қарастырады.
Диплом жұмысының мақсаты: ырымшылдықтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеу жұмысының пәні: көпшіліктік сана, стереотиптер, наным-сенімдердің көрінуі
Зерттеу жұмысының обьектісі: жастардың ырымшылдық ерекшеліктері
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- көпшіліктік саналылық туралы жағдайлар теориялық тұрғыда талдау жасау;
- ырымшылдықты зерттеудегі әдебиеттерге шолу жасай отырып, зерттеудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
- қазіргі заманда ырымшылдықтың туындауына себеп болатын әр түрлі факторларды қарастыру;
- заманауи жастардың ырымшылдық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Зерттеу болжамы: ырымдар жалпы алғанда қазіргі кездегі жастар арасында кең таралған. Негізгі мотив ретінде өз тұлғасын негативті толқулардан сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеужұмыстарының практикалық мәні –тұрмыстық деңгейдегі ырымшылдықты теориялық тұрғыда түсіндіру мүмкіншілігі ашылады. Көпшілік саналылығына сәйкес стереотиптерді сипаттау мүмкіншілігі беріледі. Жұмыс нәтижесінде алынған адамдардың неліктен ғылыми негізделмеген құбылыстарға сенетіндігі жайлы мәліметтер БАҚ қызметінде қолданылуы мүмкін. Жұмыс материалдары иррационалды қорқыныштар мен үрейлерден арылуға бағдарламалар құруға көмектеседі.
...