Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеу бағдарламасын әзірлеу
Автор: abutalipova03 • Февраль 24, 2023 • Реферат • 1,000 Слов (4 Страниц) • 241 Просмотры
1. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін зерттеу бағдарламасын әзірлеу.
Әлеуметтік қорғау дегеніміз - әртүрлі өмірлік жағдайға байланысты, яғни қарттық кезең, денсаулық жағдайына байланысты жұмысынан айырылу және басқа да жағдайға байланысты азаматтардың өмірлік маңызды игіліктерге қол жеткізу жағдайын және әл-ауқатының белгілі бір бөлігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік жүйе болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз қарқынды экономикалық өсуге негізделген даму жолының өзіндік моделін құрды. Білім беру саласында, денсаулық сақтау жүйесінде, еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау жүйесін белсенді жетілдіріп, халықты жұмыспен қамтуды, мәдениет, ақпарат, спорт салаларын табысты дамытып келді. Әлі де экономиканы дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда.
Әлеуметтік саясат басым міндеттерді шешуге, әлеуметтік мақсаттарға бөлінген ресурстарды тиімді пайдалануға әзірлеуге, мемлекеттің міндеттемелерін орындауға және оларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бұл міндеттер мемлекеттік стандарттардың негізінде өзін-өзі қаржыландыру мен сақтандыру принциптерін дамытып, әлеуметтік саланың қаржылық базасын нығайту негізінде шешілуі тиіс.
Әлеуметтік саясаттың басымдықтарына тоқталу қажет, атап айтқанда:
- Мемлекеттің өз азаматтарының әлеуметтік жағдайына жауапкершілігін мойындау;
- Барлық азаматтардың тегін білім алуына және медициналық көмекке кепілдік беру;
- Ең төменгі жалақыны, шәкіртақы мен жәрдемақыны нақты күнкөріс деңгейіне сәйкес келтіру;
- Бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы және т.б. уақытылы төленуіне кепілдік беру;
- Жаппай жұмыссыздықтың алдын алу, босатылған жұмыс күшін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
- Отбасыларды, ана мен баланы, ардагерлер мен мүгедектерді қолдау;
- Қылмысқа қарсы күрес;
Жұмыспен қамтуды, еңбек нарығын, еңбек бағасы мен жалақыны реттеу проблемаларының бір бөлігі ретінде өзара байланысты екі аспектіге - жұмыспен қамту саясаты мен табыс саясатына назар аударылады. Әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік сақтандыру қажеттілік дәрежесіне байланысты болмаса да, әлеуметтік көмек атаулы болуы керек, ол үшін:
- Әрбір азаматтың материалдық қамтамасыз етілу деңгейін қатаң ескеру;
- Жеке азаматқа да, отбасына да атаулы көмекке көшу:
- Мұқтаждық себептерін нақты саралау, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, бірақ жұмыс істегісі келмейтін еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік көмек көрсетуден бас тарту.
2.Әлеуметтік жұмыстың этикасы. Әлеуметтік жұмыстың этикалық кодекстері.
Әлеуметтік қызметкердің этика кодексі-бұл кәсіби әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы немесе одағы қабылдаған және кәсіби қызметтегі этикалық қатынастардың стандарты ретінде қызмет ететін моральдық нормалардың жиынтығы.
Әлеуметтік жұмыстың этика кодексі- бұл әлеуметтік жұмыстың негізгі құжаты, негізгі құндылықтары мен принциптері баяндалған, іске асырылуы тиіс әлеуметтік қорғау саласындағы маман өзінің кәсіби міндеттерін осы арқылы орындайды. Қоғамды әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар:
- қажеттіліктерді бағалау және анықтау үшін әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерде;
- әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
- әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
- қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
- мүгедек балалар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
- он сегіз жастан асқан, жүйке-психикалық аурулары бар.
Әлеуметтік жұмыстың құндылықтар жүйесі - тұрақты идеялар, сенімді адамдар туралы, олардың мақсаттары, осы мақсаттарға жету жолдары және артықшылықты өмір сүру жағдайлары.
Әлеуметтік жұмыстың этикалық принциптері:
- маманның өзара іс-қимылының моральдық-адамгершілік мазмұны;
- клиенттермен, әріптестермен, сыртқы ұйымдардың өкілдерімен әлеуметтік қатынастар;
Этикалық мінез-құлық стандарттары-олардың нормаларын анықтайды. Әлеуметтік қызметкердің этика кодексі келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін. Этика кодексінің мақсаты этика кодексін анықтау сонымен қатар белгілеу болып табылады.
...