Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері
Автор: Dana1402 • Март 15, 2021 • Реферат • 549 Слов (3 Страниц) • 2,311 Просмотры
[pic 1][pic 2]
Хабарлама
Тақырыбы: Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері
Алматы,2021жыл
Қазақ халқының ұлттық жаңғыру, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын зерделеудің қажеттілігі бүгінгі күні арта түсуде. Біздің көпғасырлық мемлекеттілік тарихымыз бар. Бүгіндері Қазақстан Республикасы – қазақ жерінде бұрын-соңды құрылған мемлекеттер ішінде мемлекеттіліктің белгілері толық, әрі мығым , әрі демократты қалыптасқан бірден-бір мемлекет.
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз тәуелсіздігін жариялады.1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда президенттік басқару жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе даму мен алға басудың кепіліне айналды. Ал өзінің іргелі мемлекет ретінде даму жолында президенттік басқару жүйесінің тек оңды нәтижесін көрді. Бұл, менің ойымша, Қазақстан үшін ең дұрыс, ең үздік таңдау болғаны сөзсіз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институт қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі басты нәрсе – Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. 1993 жылы 28 қаңтарда ең алғашқы Конституция қабылданды. ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушы тармағына енгізді. Сөйтіп, бірінші Конституция Президенттің мәртебесін әлсіретті. ҚР-ның 1993 жылғы Конституциясында Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету құқығы туралы ережелер болған жоқ. 1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика болып саналды. Өкілеттігі аса мол Жоғарғы Кеңес президентке мемлекет басшысы ретінде толыққанды және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұндай жағдайда елде демократиялық реформалар жүргізіп, нарықтық экономика құру мүмкін емес еді. Бірінші Конституцияның осындай кемшіліктері болғандықтан , жаңа Конституция енгізу керек болды. Осылайша 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституциямыз қабылданды. 1995 жылғы Конституция Қазақстанды Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады. Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған.
...