Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Психологии"

Автор:   •  Декабрь 18, 2022  •  Шпаргалка  •  27,377 Слов (110 Страниц)  •  174 Просмотры

Страница 1 из 110

1,1 Қазіргі ғылыми білімдер жүйесіндегі тұлға мәселелері

Түлгаиы дүрыс түсіну үшін ең алдымен ол кездссетін кеңістіктегі кейбір мәселелерді қарасытырып алу қажет. Мұндай мәселелерге адам мәселелер: жатады. Кезінде нсихолог Б.Г. Ананьев қазіргі ғылым дамуынығ ерекшеліктерін талдай отырып, адам мәселелерін зерттеуге деген ғылыми қызыіушылықтардың кенетген артқандығын 60-шы жылдардың өзінде-ак болжап берген еді. Оның айтуынша мүндай ерекшеліктердің болуы біріншіден, адам мәселелері барлық ғылымдардың жалпы мәселелеріне  айналуынан туындады. Екіншіден, адамды ғылыми тұрғыдан зерттеп үйрену әр түрлі салаларға болініп, жеке пәндер бойынша мамандану тереңдей түсті. Ғылым дамуының үшінші ерекшелігіне, адамды зерттейтін әдіс-тәсілдер мен аспектілердің басы қосылып, әр түрлі ғылымдардың бірігу жағдайы әсер етті дейді.

Кейінірек ғылыми білімдер дамуының жалпы бағытында адам мәселелері мен оның дамуын зерттеудің рөлі арта бастағандығын айта отырып, психолог Б.Ф. Ломов та осыған ұқсас қорытынды жасаған еді.

Адам туралы ғылыми дәуір бастапды деп болжам жасаған шетел зерттеушілерінің ішінен бірінші кезекте Тейяре де Шарденді айтуға болады. Ол 1938-1940-шы жылдардың өзінде-ақ жазып аяқтаған, бірақ қайтыс болғаннан кейін 1955-ші жылы ғана жарық көрген - «Адам құбылыстары» атты танымал еңбегінде, «егер біз ғылымның адамзат дәуіріне бара жатырған болсақ, онда бұл дәуір адам туралы ғылыми дәуірлердің ең жоғарғы сатысы болады - ақыр соңында адам «танымның пәні» екендігін танымы бар адам байқайды - бұл табиғат туралы барлық ғылымдардың кілтіне айналады ...» - деген еді.

Эрих Фромм өзінің 1941-ші жылы жазған - «Бостандықтан қашу» - атты еңбегінде қоғамдық дамудың динамикасын түсіну психикалық процестердің динамикасын ұғынудың негізінде ғана мүмкін екендігін айта отырып, адамды психологиялық тұрғыдан зерттеп білудің артықшылығын жариялады. Оның пікірінше қоғамның даму деңгейін түсіну үшін ең алдымен осы қоғамда өмір сүретін адамның даму деңгейін зерттеп білу қажет.

Осы айтылған еңбектердегі келтірілген деректер мен жоғарыда аты аталған ғалымдардың жорамалдарына сүйенсек, олар ғылым дамуында адам дәуірінің басталғандығын айтады

1,2 Индивидуалдылық психологиясы (Бори́с Гера́симович Ананьев)

Б.Г. Ананьевтің айтуынша адамның индивид, тулға, іс-әрекеттің субъектісі мен индивидуалдылық секілді макро сипаттамаларында, оның биологиялык қасиеттері мен әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі. Б.Г. Ананьев бойынша адамның биологиялық қасиеттерінің негізін, оның индивидтік қасиеттері құрайды. Адам индивид ретінде, оның дамуы онтогенезде барысында жүзеге асатын және соның нәтижесінде адамның биологиялық қасиеттері пісіп жетілетін алдын ала келісілген табиғи, генетикалық қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Б.Г. Ананьевтің пікірі бойынша индивид ретіндегі адам мен оның онтогенездегі дамуын жалпы психология, дифференциалды психология, жас ерекшелігі психологиясы, психофизиология секілді психологияның жеке салалары зерттейді.

Іс-әрекеттің субъектісі мен адам тұлғасында, оның әлеуметгік қасиеттері көрінеді. Б.Г. Ананьев өз еңбегінде адамның биологиялық қасиеттері мен әлеуметтік қасиеттерін бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстырмай, керісінше оларды бірлікте қарастыруға тырысты. Оның айтуынша индивид бір жағынан өзінің индивидуалды дамуында әлеуметтеніп, жаңа қасиеттер мен сапаларға ие болса, екінші жағынан адам кейбір индивидтік қасиеттердің негізінде тұлға болып қалыптасып, іс-әрекеттің субъектісіне айналады.

Тұлға ретінде әрбір адам индивидтің әлеуметтенуі мен оның әлеуметтік пісіп жетілуі қалыптасатын өзінің өмір жолынан өтеді. Б.Г. Ананьевтің түсінігінде тұлға ретінде адам экономикалық, саяси, құқықтық секілді қоғамдық қатынастардың жиынтығынан тұрады. Адамды тұлға ретінде жалпы психология, дифференциалды психология, салыстырмалы психология, психолингвистика, қатынас психологиясы, мотивация туралы психологиялық ілімдер секілді психологияның жеке салалары зерттейді.

...

Скачать:   txt (415.8 Kb)   pdf (991.7 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 109 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club