Шпаргалка по "Психологии"
Автор: Aigerim00109 • Ноябрь 1, 2018 • Шпаргалка • 3,103 Слов (13 Страниц) • 878 Просмотры
Пациентке бағдарлап оқыту. Аралық бақылау
Айнура классная♥
1. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз-парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдармен үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.
Дәрігердің жұмыс барысында басқа субъектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындарымен және туыстарымен, әріптестерімен) тиісті дәрежеде қарым қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
2. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні
Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік алады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.
Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.
3. Коммуникацияның негізгі теориялары
Мартин Бубер теориясы. Бубер диалогты « адамдардың бетпе бет келіп, бір біріне ішкі жан дүниесін жайып салуы, яғни шынайылық танытуы» дейді.
тттМихаил Бахтин теориясы. Бахтиннің айтуынша « диалогтық қатынас бұл адамдардың өмірге, мәні мен мағынасы бар барлық құбылысқа деген қатынасын білдіретін әмбебап құбылыс. Сана басталған тұста, диалог та бстау алады»
...