Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Психологии"

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Шпаргалка  •  10,177 Слов (41 Страниц)  •  328 Просмотры

Страница 1 из 41

1. Психология (терминінің анықтамасы)

Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

2. Психология ғылымының даму кезеңдері

1. Психология жан туралы ғылым.

2. Психология сана туралы ғылым.

3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.

4. Психология психика туралы ғылым.

Бірінші кезенде  психология жан туралы ғылым. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi.

Екінші психология — Сана туралы ғылым бұл кезен  Декарттың сана ұғымымен байланысты. Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылыс — өзгерiстерге енгенiмен өмiрлк iс-əрекеттiң қозғаушы күшi — жан деген тұжырымға ешбiр келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа есiгiн ашты. Ол адамны өн iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жынде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт  ғылымға  екi  түсiнiктi — рефлекс жəне  сананы  бiрдей   енгiздi.  Бiрақ  ол  өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнің өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды.

Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді. ХIХ ғ бірінші жартысында психология жұрыс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды.  Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердің көбіне қоршаған орта мен адам iс-əрекетi не байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерi негiзделдi.

Төртінші кезен психология психика туралы ғылым осы кезенде, 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердін өтуiн бақылап отырды.

3. В.Вундт және оның психологиядағы рөлі.

1879 жылы В.Вундт Лейпцигте алғашқы экспериментальдық лабораторияны ұйымдастырды. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді.

Вильгельм Максимилиан Вундт (1832 -1920) - неміс физиологы мен психологы. Эксперименталды психологияның негізін қалаушы ретінде танылған. Әлеуметтік психологияның негізін қалаушы ретінде аз танылған, дегенмен, оның өмірінің соңғы жылдары халықтар психологиясының негізінде өтті, оны әлеуметтік психологияның негізі деп түсінген. Психологияда Вундттың концепциялары адам санасының негізгі құрамдас бөліктерін зерттеу арқылы, адамның ақыл-ойын түсінуге тырысты. Осылай, Вундт психологияны физика мен химияға ұқсас ғылым ретінде қарастырды. Вундттың бұл идеялары Э.Титченердің көмегімен дамытылған, ол Вундтың студенті болған. Психологияны эксперименталды ғылымға айналдыру кезінде Вундт ғылыми зерттеудің үлгісін табиғи әдістерден алды. Оның түсінігі бойынша, кез-келген ғылыми зерттеу жұмысы бірнеше талаптарға жауап беруі тиіс. Бақылауға түсетін құбылыс, біраз уақыт бойы бақылаушының назарында болуы тиіс. Психологиялық құбылыстар күрделі және жылдам, ал құбылыс уақыты бақылаудың уақытына тең болғандықтан, берілген құбылысты бірнеше рет қайталау мүмкіндігін ескеру қажет. Кітапта ғалым психология түсініктерін жаратылыстанумен салыстырды. Көптеген психологтардың жұмысын талдай отырып, Вундт психологияның негізгі екі түсінігін анықтады. Біріншісіне сәйкес, психология жан туралы ғылым, ал психикалық үрдістер белгілі бір құбылыстар түрінде болған. Екіншісіне сәйкес, психология - ішкі тәжірибе ғылымы. Осыған сәйкес, психикалық үрдістер тәжірибенің өзгеше бір түріне жатады, бұл түрде психологияның мағынасы өздігінен бақылауға немесе ішкі сезімдерге берілген.

...

Скачать:   txt (153.2 Kb)   pdf (568 Kb)   docx (423.4 Kb)  
Продолжить читать еще 40 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club