Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Психологии"

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Шпаргалка  •  8,654 Слов (35 Страниц)  •  219 Просмотры

Страница 1 из 35

1)Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.

«Психология»  термині гректің 2 сөзінен турады: оның біріншісі – «псюхе» (жан психика ), екіншісі «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психологиялық  ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге  бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден  басталатын жан дүниесі жайлы  тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа  ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса  дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик  пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің  есімі ретінде қолданған. Бұл  әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі  күндегі терминнің ең алғашқы  құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең  қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы  Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық  көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық  және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан  алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының  зерттеуі болып тек одан көп уақыт  өткеннен кейін, христиандық заманда  танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің  ми функцияларының мәніндегі "Жан  Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. XIX ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

Психология  танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық  айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі -сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ  олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.

Психология ғылымының  ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу  және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.

2)Психология өз алдына ғылым  ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп  шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады

...

Скачать:   txt (130.7 Kb)   pdf (211.2 Kb)   docx (44.3 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club