Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері

Автор:   •  Ноябрь 17, 2022  •  Реферат  •  1,821 Слов (8 Страниц)  •  1,292 Просмотры

Страница 1 из 8

                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

                                       ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

        ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Математика кафедрасы

       [pic 1]

      СӨЖ

Тақырыбы:Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері

                                                                        Оқытушы:Қайратова Іңкәр

                                                                        Студент:Дүйсенбек Данияр

                                                                        Мамандығы:Математика

                                    Алматы, 2022 ж

Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері

Ең алдымен тақырыпты ашпас бұрын тұлға дегеніміз кім?,соған тоқталып өтейік.Тұлға - жеке адамның өзiндiк адамгершiлiк, әлеуметтік, психологиялык кырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесi және коғам мүшесi ретiнде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік касиеттерiнiң жиынтығы, қоғамның даму жемiсi және белсендi кызмет ету мен карым-катынас орнату аркылы жеке адамды әлеуметтiк катынастар жүйесiне енгiзудiң жемiсi Философиялык тусiнiк бойынша - Тұлға философиялық тұрғыда адамды "адам" ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершiлiк, дiлдiк, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жiгерiн, мiнез-құлқын, психофизиология ерекшелiктерiн зерттейдi. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы когамдык әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлык ғылымдар саласынын кай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортак колданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерiнiн езара ықпалдастығы мен бiр-бiрiне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдык мағына сыйғызады.Психологиялык түсiнiк бойынша - Тұлға психологияда өзiнiң өмір жолын белгiлей алатын, кайталанбас даралык ерекшелiгiн сезiнетiн субъект. Тұлға адам ұғымынан герi нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менің" өзге "менен" ажыратып, есейiп, өз бетiнше дербес әрекет ету мүмкiндiгiн ашуы керек. Яғни, белгiлi бiр мәндi iспен айналысатын, азды-кептi бiлiмi, өмiрлiк тәжiрибесi, дүниетанымы мен сенiмi бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын "Он үште отау иесi" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі iстерiмен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуiнен, намысын жоғары ұстауынан байкалады. Тұлғааралық қатынас -  этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлерi және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшелiктерiмен өзгешеленеді. Мысалы,қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сакина-жүзік, білезік алмасу,ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту,сәлемдеме жолдау және т.б. түрлерi болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезiмдерi де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады. Тұлғалық белгiлер- адамның даралык ерекшелiктерiн көрсететін, психологиялык және физиологиялык элементтерiн және оның ойлауы мен қылыгын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялык жүйе. Тұлғалық белгiлер теориясы -негiзiнде "тұлғаның ерекшелік белгiлерi" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, калыптасуын қарастырады. Тұлғаның бағыттылығы-тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсiз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерiмен, бейiмдерiмен, сенiмдерiмен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамнын дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы - бiлiм беру мiндеттерi тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдык өмiрдiң әр түрлi саласына жауапкершiлiкпен қатысуға тәрбиелейдi; 2) жеке адамнын жан-жақты үйлесiмдi дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркi, сезiмi мен оңтайлы логикалык-эмоциялык-психологиялык сапалары мен көзқарастары.

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (410.9 Kb)   docx (317.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club