Сөйлеу қарым-қатынастың құралы ретінде
Автор: Sary03 • Апрель 10, 2022 • Эссе • 293 Слов (2 Страниц) • 756 Просмотры
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Математика, Физика және Информатика Институты
[pic 1]
СӨЖ
Эссе
Тақырыбы:Сөйлеу қарым-қатынастың құралы ретінде.
Орындаған:Дәнебекова А.А
МОК-202
Тексерген:Сәлмеке С.А
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым – қатынасқа түседі.Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу – бұл адамдардың ой-пікірлерін, эмоционалдық көңіл-күйлерін, мақсаттары мен жоспарларын білдіруге көмектесетін коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі. Сөйлесудің көмегімен адам қоршаған қоғаммен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Кез келген сөйлеу тыңдаушылардың ақыл-ойына, сезіміне, ниеттеріне және тілектеріне бағытталған. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, со- нымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Сөйлеу – адамзаттың тарихи эволюциясы барысында қалыптасқан және тіл арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас түрі. Қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесінде сөйлеу бірқатар қызметтер атқара басталады және адамның психикалық және әлеуметтік өмірінде маңызды орындардың бірін иеленді. Сөйлеудің негізгі функциялары - бұл адамдар өзара әрекеттесу мақсаттары негізінде қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын білдіру, әсер ету, хабарлау, белгілеу. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты.Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.Жеке сөздерді қабылдау, оны ұғынуды қажет етеді.Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бір – бірінсіз іске аспайды.
...