Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студенттердің бейімделуіне оқу үрдісінің әсері

Автор:   •  Февраль 24, 2019  •  Доклад  •  1,086 Слов (5 Страниц)  •  391 Просмотры

Страница 1 из 5

Студенттердің бейімделуіне оқу үрдісінің әсері

Оқу орнында студенттердің бейімделу мәселесі табысты педагогикалық қызметте маңызды шарт болып табылады. Соңдықтан әр оқу орны жаңа әдіс тәсілдер, оқу құралдарын іздеуге, оқу үрдісінің жаңашаландырып интенсификациялау шарттарын іздестіреді. Әлеуметтік мемлекттік  тапсырыс бұл – шығармашылық, жеке, дені сау тұлғаның  дамып қалыптасуына ықпал етеді. Осы ең  маңызды әлеуметтік тапсырысты шешудің бір жолы студенттердің оқыту үрдісіне бейімделеуі.

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» — икемделу, үйлесу деген мағынаны береді. Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік. Бейімделу үдерісі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.  Студенттердің  дене бітімі мен білімінің байланыса отыра нәтиже беруі, оқу үрдісінің интенсификациялануына байланысты.

Зерттеудегі теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнына сүйене отыра, оқу орнының педагогикалық ұжымына оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша ғылыми нұсқаулар беріледі, олар студенттердің тез бейімделуіне ықпал етеді.

Еліміздің қоғамдық әлеуметтік өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Бүгінгі таңдағы студенттердің қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек [1].

Әлеуметтену – адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Біздің мақсатымыз – студенттерге әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру болады. Бұл үрдістер тәрбиелеу, білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.

Студенттік кезеңінде адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Студенттік кезде бала өз мамандығын таңдаса да оған деген толық жауапкершілікті сезінбейді дегенмен ол ішкі қарым-қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым-қатынысқа және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады.
Сонымен, студенттік шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен құтылғысы келеді. Осы кезеңде оқытушылардың ролі зор әр пән оқытушысы өз пәнін оқытып қана қоймай, тәрбие жұмысымен қатар айналысуы жөн [2].

Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Студент жеке басына арналған зерттеулер ішкі әлемінің қарама-қайшылығы, өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді.

Оқу орнына түсу жас адамда өз қабілет, мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады, толыққанды және қызықты өмірге үмітін жалғайды.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (89.3 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club