Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия

Автор:   •  Март 18, 2023  •  Реферат  •  2,208 Слов (9 Страниц)  •  459 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультеті

[pic 1]

 

Реферат

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия

                                                                                  Орындаған:Сансызбай Қ.Е.

                                                                                   Қабылдаған:Бисенбаев П.К.

Алматы,2023ж

Жоспар:

  1. Кіріспе

  1. Негізгі бөлім

2.1. Ақынның  өмірі мен  мұрасы.

2.2. Махамбет және поэзия.

  1. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

    Шаруалар қозғалысының көрнекті қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Махамбет Өтемісұлының өз табы үшін еткен еңбегі аса зор. Түбі бір түгел сөзді ежелден кие тұтқан халқымыздың рухани әлемінде Махамбеттің жауһар жырларының жұлдызы қашан да биік. Тұяғынан от шашқан көне қыпшақ жорық жырларының сарқыты, батырлық пен жыраулықтың қос тізгінін тең ұстаған Ноғайлы заманының жығылмаған туы, жыраудың соңы, ақынның басы – Махамбет - ерлік пен елдіктің символы.

Хан ұлынан қаймықпай халық мұңын мұңдау, жоғын жоқтау, ерегіскен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалу, жақсыларға еп, жамандарға көп болу - тек ақынның  мандайына біткен ерекше қасиет. Жалынды сөзі жай оғындай жарқылдаған, жігерді жанып, намыстың туын тіктер отты жырлары қазақ деген халықты тарихтың қанқасаптарынан аман алып қалу үшін

жаралғандай.

  Ол өзінің поэзиялық еңбектерінде шаруалардың мүшкіл халін баяндап, оларды өзінің жалынды жырлары мен теңдік, бостандық үшін күреске шақырды. Махамбет үгітші, насихатшы ғана емес, ол шаруаларды күреске ұйымдастырып басқарушы, қолына қару алып «қара қазан сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан батыр. Махамбеттің ұлылығы міне осында.

Сондықтан оның өмірі, қызметі кейінгі ұрпақтың таптық санасын, патриоттық сезімін оятып, өз халқы, өз табы үшін қайтпас-қайсар, қажырлы күреске тәрбиелейді. Махамбеттің от-жалынды, жігерлі жырлары, өткір сөздері кімнің де болмасын ішкі жан дүниесін оятып, жүрегін тебірентеді. [5]

   Махамбет Өтемісұлы қазақ халқының тарихи ауыр кезеңінде, XIX ғасырдың басында дүниеге келген. Оның туған жері, туған жылы туралы деректер нақты емес. Орал казак әскері Махамбетті қашып жүргенде 1841 жылы наурызда  ұстап, оны Орынборға жөнелтерде сырт пішінін және жасы 37-де деп, көрсеткен. Бұған сүйенсек - ол 1804 жылы туған болады, кейде солай жазылып та келеді.

Бірақ, ақын жасы туралы деректі өзінің тергеушілерге берген жауабында басқаша көрсеткен. Оның бірі - 1836 жылы 8 ноябрьде Орынбор губернаторының тергеушілеріне берген жауабында: «Руым Беріш, жасым     33 те»- деп, артына арабша қолын қойып, мөрін басқан. Бұл жауабы осы жылы 10желтоқсанда  қайталанып, өз қолымен куәлендіріледі. Олай болса, Махамбет 1803 жылы сәуір – қазан  айлары арасында дүниеге келген. Ал Махамбеттің туған жері Батыс  Қазақстанның Жаңақала ауданындағы Бекетей құмы делінеді. [1;8 ]

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

    Осылайша Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан еді. Одан кейінгі саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады. Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты. [6;235]

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (242.9 Kb)   docx (148.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club