Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциасы мен сезімнің дамуы

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,227 Слов (5 Страниц)  •  928 Просмотры

Страница 1 из 5

Реферат

Группа: БББ-31

Қабылдаған: Махамбетова Д. Н.

Орындаған: Каламова Н. Г,

Кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциасы мен сезімнің дамуы

Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі орга-никалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Сезімдер – адамдардың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, те-рең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі».

Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеу-ші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдері-не лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.

Адам бойындағы ең биік сезім.

Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезім-дері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде ай-рықша орын алатыны жә-не ең бастысы – парыз сезімі. Бұл – адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоға-мының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзі-мен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамы-ған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлей-ді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.

Сезім арқылы адамды танып, білу.

Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене се-зінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақты-лығы; сезімнің әсерлігі.

Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерленіп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, ал-дына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруы-нан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған бай-ланысты.

...

Скачать:   txt (17.5 Kb)   pdf (72.2 Kb)   docx (12.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club