Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Психологии"

Автор:   •  Сентябрь 26, 2021  •  Контрольная работа  •  397 Слов (2 Страниц)  •  228 Просмотры

Страница 1 из 2

1. «Психология» пәнін оқу орта мектепте жантану, әдептану сабақтары бойынша алған білімдерге негізделеді. Пәннің міндеті:

 - жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде психологияны ашу;

 - субъектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау;

- негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну;

 - оқу-танымдық іс-әрекет барысында алған білімдерді ӛз бетінше пайдалану;

 - болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.

2. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым.

3. Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның ӛнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады

Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бӛлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты ӛзге де мәселелерін зерттейді; ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (35.7 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club