Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғылым адамның танымдық қызметі және әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде

Автор:   •  Декабрь 5, 2023  •  Эссе  •  372 Слов (2 Страниц)  •  76 Просмотры

Страница 1 из 2

Ғылым адамның танымдық қызметі және әлеуметтік-мәдени

құбылыс ретінде

          Адам. Өмірге келген кез келген адамның танымдық өсуі жасы жеткенде балабақша, мектеп қабырғасы, одан әрі орта және жоғарғы оқу орнында білім алумен жүзеге асады. Әр түрлі ғылым салалары бойынша білім алу әр түрлі пәннен дәріс алумен бастау алады. Себебі, білім – адам санасының толық жетілуіне бірден-бір себепкер. Айналаны тану, онымен бірліке өмір сүру адамды жаңашылдыққа жетелейді. Сондықтан да, кітап оқып, ғылыммен айналысудан бөлек саяхаттау, мұражай аралау секілді хоббидің өзі жаңа нәрсеге құлшындырады. Белгілі бір бағыт, мақсатты білім алуға кітап, яғни теориялық білім жеткіліксіз саналады. Сонымен қатар, тәжірибелік тұрғыда теорияны қатар ұстай білу білім алудың толық консепциясын құрайды.

        Білім – тану десек, ғылым – зерттеу деген мағынаға жақын ұғымдар. Себебі, ғылымға ден қойған кез келген ғалымның бірінші жасайтын іс-әрекеті ол – іздену. Ал ізденіс білім алуға бағыт береді. Жиып айтқанда, білім – ғылымның бастауы, ал ғылым – білімнің нәтижесі. Қос ұғымның ортақ тұсын біз әрине ғылыми еңбектер мен кітаптан табамыз десек, сол кітапты оқу барысында адамның танымдық-ізденістік қабілеті іске қосылады.

        Жаратылыс – біздерді сан қилы түрге бөліп қарастыратын құбылыс. Сол секілді адамның бойындағы қабілет те, талант та әр түрлі болады. Соған байланысты адамның жеке пікірі мен ішкі түйсігінің бұрылысы арқылы ғылымды түрге бөлу деген түсінік пайда болады. Ал енді елестетіп көріңіз, өзінің өмірін химиялық қоспалар мен түрлі минералдарға арнаған аты шулы химик жаратылыстану ғылымы бойынша озық болғанымен, тілдік құрылым мен тарих бойынша бейхабар болуы әбден мүмкін. Олай дейтінімізге себеп ретінде «фокус» яғни өзіндік ғылыми жолға деген ынталы жолды айта аламыз.  Оқу, даму, сауатты жазу осы секілді қарапайым қағида өмірін формула мен есепке паш еткен тұлғаға таңсық дүние ретінде көрінуі ғажап емес.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (53.6 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club