Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік лингвистика

Автор:   •  Сентябрь 30, 2018  •  Реферат  •  2,340 Слов (10 Страниц)  •  1,120 Просмотры

Страница 1 из 10

ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА: НЫСАНЫ, МӘНІ, НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

       Тіл – ұлттық мәдени құндылық, ұлт болып ұйымдасудың, әлеуметтік құрылым ретіндегі ұлттың пайда болуы мен өзін-өзі қалыптастырудың тетігі. Демек, тіл жөніндегі мәселе тек мәдени ғана емес, саяси да мәселе. Жыл сайын Елбасы Қазақстан халына Жолдауында тілдің ұлттық мемлекеттің негізгі қазығы екенін, үш тілді білу – бұл әрбір қазақстандықтың жеке ұтымдылығы екенін үнемі еске салып отырады. Ел Президентінің басшылығымен мемлекеттік тілді, ағылшын және орыс тілдерін, сондай-ақ еліміздегі басқа этникалық тілдерді теңдікте дамыту жүргізілуде. Тіл саяса-ты мен жүріп жатқан тілдік үдеріске жасалған талдау Қазақстанда көптілділіктің толыққанды дамуына барлық жағдай жасалған деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік тіл – бұл адамның азаматтық және саяси құқығын толық жүзеге асыруының, елдің қоғамдық-саяси өміріне толық араласа алуының, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының кепілі.

        Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі біздің еліміздің басты белгісі болуы кездейсоқ емес. Бұл үлгі Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуының барлық кезеңдерінде мақсатты бағытталған және өлшеніп-пішілген мемлекеттік саясаты болып қалыптасты. Мемлекет барлық этнос өкілдері үшін тиімді тілдік кеңістік жасауға барынша назар аударады.

    Тілдік үдерістерді қоғамда болып жатқан өзгерулерді бейнелейтін әлеуметтік үдерістерге жатқызған дұрыс, өйткені оларды нормативті актілердің көмегімен бір мезетте тез өзгертуге болмайды. Тіл – өзінің ішкі даму заңдылықтарымен дамитын және қалыптасқан тілдік дәстүрге қатысты болып келетін жүйе. Барлық әлеуметтік өзгерістер мен төңкерістер тілдің сыртқы қызметтік және ішкі құрылымдық дамуына тікелей әсер етеді.

        Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына әлеуметтік ортаның көптеген әсерлері болады. Міне, осыны әлеуметтік лингвистика қарастырады. Егер мұны бізге жете таныс «дәстүрлі» лингвистикамен салыстыратын болсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, әлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мәдени ұстанымына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бәрі бірдей ме, әлде әртүрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады.

Адамның сөйлеу ерекшелігі көбінесе қарым-қатынас жағдаятына тәуелді болады. Әрбір жағдаятта адам әртүрлі сөйлейді: әңгімелесушімен тең жағдайда немесе одан өзін жоғары, басым ұстауы (кейде оған тәуелді болуы) мүмкін. Жалпы адамдар қоғамда бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда әр алуан рөлдерді: әке – бала, күйеу – әйел, бастық – бағынышты – қызметкер, жұмысшы, сатушы – сатып алушы, дәрігер – емделуші, мұғалім – оқушы, оқытушы – студент т.б. орындайды. Осындай рөл түрлері сөйлеу мен сөз саптау дағдысының ерекшелігін таныта-ды. Айталық, бала әкесімен құрдасындай сөйлеспейді. Сондай-ақ студент пен оқытушының, дәрігер мен емделушінің, бастық пен бағыныштының сөз саптаулары қалалық көліктегі таныс не таныс емес адамдардың сөйлесулеріндегідей болмайды.

Осы айтылғандардан көріп отырғанымыздай әлеуметтік лингвистика өз назарын тілге, тілдің ішкі құрылысына емес, оның қоғамда қалай қолданылатынына назар аударады. Осыған байланысты оған әсер ететін факторлар, сөйлеушілердің әр алуан сипаттамаларынан бастап (жасы, жынысы, білім, кәсібі т.б.) нақтылы сөйлеу ерекшелігіне дейін есепке алынады.

Әлеуметтік лингвистика тілді дұрыстап сөйлеп, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын нақтылы адамдарды нысана етеді. Тілді қолданудағы осындай барлық ерекшеліктерді білу, оларды талдап түсіндіру, болу себеп-терін анықтау тілді дамыту жұмыстары үшін маңызды мәселе бо-лып табылады.

...

Скачать:   txt (35.7 Kb)   pdf (233.4 Kb)   docx (23.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club