Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

Автор:   •  Февраль 3, 2023  •  Контрольная работа  •  11,209 Слов (45 Страниц)  •  368 Просмотры

Страница 1 из 45

 

Дәріс сабақтарының мазмұны

1- лекция        

Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

Қарастырылатын мәселе: 

  1. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуіндегі алғашқы кезең
  2. ХХ ғасырдың басындағы фонетиканың зерттелуі
  3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының жай-күйі

        

Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

 

 Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. ХIX ғасырдың 2 жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін , салт-дәстүрін жетік біліп, тілін, дінін, жан-жақты зерттеуді қолға алды.

Қазақ тілінің фонетикасы жайлы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский еңбегінде айтылды. »Материалы к изучению киргизского языка» деген еңбегінің (162-бет) 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің кіріспесінде автор қазақ тілі, оның дыбыстық және грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Н.И.Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамы 8 дауысты және 19 дауыссыздан тұратынын жазады.

Сөздікте келтірілген мысалдардан (бүлдірген, мұрындық) ерін үндестігінің ықпалы зор болғандығын көруге болады. А.В.Старчевскийдің «Спутник русского человека в средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі А.В.Радлов еңбектерінен басталды. Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Бұл еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Доуыстыларды ашық, қатаң, жуан, жіңішке, еріндік, езулік деп жіктейді. Ал дауыссыздарды іштей қатаң,ұяң, үнді және аралық немесе у, и жарты дауысты дыбыстар деп бөлген.Түркітанушы Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Дауыстылардың сингармонизмін, дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған.

Зерттеуші П.Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымы біраз баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы, оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтылады. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар, қазақ тілінде сингармонизм заңы жақсы сақталғанын, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.

ХХ ғасырдың басы қазақ тілі білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайраткері, зерттеуші – А.Байтұрсынұлы.

Сол уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу туралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, жеңілдетті. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз арасында кездесетін қысаң дауыстылар жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын құрамы дұрыс ажыратылмай, тек қиындық тудырды (алтын – алты, салқын – салқы). Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. А.Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты.

...

Скачать:   txt (137.7 Kb)   pdf (500.8 Kb)   docx (832.9 Kb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club