Қазак тiлiн окытуда тiлдiк орта калыптастырудаfы тындалым даfдысынын манызы
Автор: Abaib • Декабрь 12, 2022 • Статья • 1,234 Слов (5 Страниц) • 177 Просмотры
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТІЛДІК ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Нурпеисова И.А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №29 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қ.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту мәселесі - қашанда күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Қазақ тілін меңгертуде тілдік ортаның айтарлықтай ықпалы зор екенін бүгінгі күннің тәжірибесі көрсетіп жүр. Ал тілдік ортаны тілдік дағдыларды дамыту арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Тілдік дағдылар дегенде бірінші қай дағдыны айтуымыз керек? Бұл сұрақ та маңызды.
Тілдік дағдылардың ішінде алдымен жүретіні - тыңдалым. Себебі тыңдалым жүзеге аспайынша, айтылым да, оқылым да, жазылым да жүрмейді. Алдымен, тыңдалым - танымдық үдеріс. Оқушы тыңдалым кезінде жаңа ақпаратпен танысады, өзіне қызықты мәліметтерді алады. Тыңдалым бұл тек есту емес, ол ақпаратты «есту арқылы қабылдау және ұғу». Бұл тұжырымды тіл зерттеушісі Шармо да қарастырады. Шармоның тұжырымына сәйкес ақпараттың тыңдаушыға жететін 3 кезеңі бар: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жады.
Қысқа мерзімді жады дегеніміз тыңдалым материалына қатысты есте сақтайтын нақты бір сөздер деп қарастырат ын болсақ, орта мерзімді жады дегеніміз оқиғаның жалпы нобайы, т.т. Ал ұзақ мерзімді жады тыңдалым материалына байланысты оқушының санасында жатталып қалатын сөздер мен сюжеттер, өз өміріндегі оқиғамен байланыс, т.т.
Тыңдалым – танымдық үдеріс деп жоғарыда айтқанымыздай, ол педагогикалық үдерістерді ғана емес, сонымен қатар психологиялық дайындықты да қажет етеді. Ф.Оразбаева тыңдалым дағдыларын жетілдіру үшін алдымен мынадай психологиялық қасиеттерді жетілдіріп алуды ұсынады:
1. Есту қабілетінің алғырлығы
2. Айырықша ынта мен есте сақтауды қалыптастыру.
3. Сөздің мәнін тез болжап, тануға деген бейімділік.
4. Ішкі сөйлеудің даму деңгейі [3, 67-б.].
Есту қабілетінің алғырлығы дегеніміз – ол алдымен, оқушының өзінің табиғи мүмкіндіктерімен байланысты болып келеді. Ал айырықша ынта мен есте сақтауды қалыптастыру оқушы мотивациясымен, табиғи есте сақтау жадысымен әрі мұғалімнің шеберлігімен де тікелей байланыста болады. Айырықша ынта тудыру үшін мұғалім оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, мазмұнға тура түсетін, оқушыға негізгі сюжетті бірден түсінуге ықпал ететін тәсілдерді таңдап алғаны дұрыс. Әсіресе, бастауыш сыныпта бұл көбінесе, көрнекілік әдісі арқылы жүзеге асса, орта буында түрлі сюжеттік оқиғалар, т.т. арқылы жүргізіледі.
Сөздің мәнін тез болжап, тануға деген бейімділік оқушының қалыптасқан базалық білімімен тікелей байланысты болады. Осы кезде бір кереғар әдіс туралы ерекше тоқталып айтқым келеді. Бұрынғы әдістемеде мұғалім тыңдалым мәтінінен кейін оқушыларға «Қай сөз сендерге таныс емес?» деп таныс емес сөздермен жұмыс жасататын, қазіргі уақытта керісінше «Қай сөз сендерге таныс?» деп барып, таныс сөздер арқылы мазмұнның негізін түсінуге болады.
Ішкі сөйлеудің даму деңгейі шиыршық әдісі сияқты, жыл өткен сайын белгілі бір деңгейге өсу динамикасы қалыптасуы керек. Осы динамика қалыптаспағаннан кейін бүгін қазақша сөйлейтін орта болмай отырғандығын айтуға тиістіміз.
Оқушының тыңдалым кезіндегі белсенділігі олардың тілдік мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарын да тікелей байланысты болып келеді. Тыңдалым ең алдымен, оны жеткізушіге де байланысты. Мәселен, Ф.Оразбаева хабарлаушыға бірқатар талаптар қояды:
- дауыстың ырғағы;
- дауыстың байыпты болуы;
- дауыстың фонетикалық нормаларға сәйкестігі;
- темпі;
- сөйлем мен сөйлемнің арасындағы үзілісі анық;
- сөздің екпіні;
- тыңдалым өтетін дәрісхананың ыңғайлығы сияқты факторларды атап өтеді [3, 67-б.] .
Демек тыңдалым тек оқылатын материалға ғана қатысты емес. Бұл аспектілерді тыңдалымды жүргізетін мұғалім ескерген жағдайда ғана тыңдалым табысты жүзеге асатын болады. Тыңдалым кезіндегі тағы бір маңызды аспект түсінумен байланысты.
Ал түсінудің ғалымдардың тұжырымдауынша 3 кезеңі бар:
...