Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазак аfылшын тiлдерiндегi мекен уfымын бiлдiретiн тiлдiк бiрлiктер

Автор:   •  Март 20, 2019  •  Реферат  •  676 Слов (3 Страниц)  •  348 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МЕКЕН ҰҒЫМЫН БІЛДІРЕТІН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Сақып А, Төлепова А.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде тілдік бірліктермен байланысты. «Тілдік бірліктер» – тілдік жүйеде әртүрлі мағынаға және қызметке ие болатын бірліктер. Тілдік бірліктер тілдік жүйенің белгілі деңгейін қалыптастырады: фонема-фонемалық, морфема-морфемалық, сөз-лексикалық деңгейдің бірліктері болады. Тілдік бірліктер терминін кең мағынасында тілдің зерттеу объектісіне қатысты әртүрлі мәселелерді қамтитын белгілеуші ретінде де түсінуге болады. Тілдік бірліктер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Тілдік бірліктер мүлде бөлінбейді (фонема, морфема), күрделі Тілдік бірліктер. тек ездері енетін тілдік деңгейде ғана белінбейді (күрделі және туынды сөз, сөйлем т. б.). Күрделі Тілдік бірліктер басқа тілдік деңгейлерде құрамындағы сыңарларға белініп кетеді (Мысалы, сөз — морфемаларға, сөйлем — сөзге). Әлемдік тіл білімі теориясында қалыптасқан әртүрлі мектептер мен бағыттар Тілдік бірліктерге әртүрлі анықтама береді (Д. Джоунз, Л. В. Щерба, Н. С. Трубецкой, Л. БлумфильдБодуэн де Крутенэ т. б.). Қазақ тілі білімінде Т. б. тілдік ярустарда зерттелгенімен, оның жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктері айқындала қойған жоқ. Тілдік бірліктер жалпы сипатта парадигматикалық, синтагматикалық және иерархиялық қатынастарда айқындалады.

       Қазақ тілінде мекен ұғымына қатысты бірнеше фразеологизмдер бар. Олар: ит арқасы қиянда (қашық), ұшы қиыры жоқ (жазық дала), ит өлген жер (алыс жер), таяқ тастам жер (жақын жер), адам аяғы баспаған жер (ну орман).

Қазақ халқының танымында мекенге байланысты мақал-мәтелдер бар. Бұған дәлел: «Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне», «Қыс – қырға қонба, Жаз – сайға қонба», «Бақа батпағына, балық көліне», «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз елінде ұлтан бол», «Гүл өссе жердің көркі, Батыр туса елдің көркі», «Туған жердің түтіні де ыстық», «Өзен жағалағанның өзегі талмайды». Бұл мақалдардың мағыналарын ашатын болсақ – өз еліне, жеріне қызмет ету; батыр өзінің елі үшін туылады; су бар жерде тіршілік те болады.   

Қазақ тілінде мекенге қатысты тілдік бірліктер өте көптеп кездеседі:

Алды – 1) адамның екі тізесі мен кеуде жақ аралығы. 2) адамның бері қараған жағы. 3) белгілі бір нәрсенің қарсы жағы. 4) бір нәрсенің бастамасы. 5) бір нәрсенің ең үлкені. 6) бір нәрсенің ең озығы, үздігі.

Алды-арты – 1) бір нәрсенің бас-аяғы, бар болғаны. 2) бір нәрсенің ең соңы, ақыр аяғы.

Артқы – арт жағындағы, кейінгі, соңғы.

Алыс – қашық, ұзақ.

Алыс-жақын – кімнің алыс, кімнің жақын екендігін араламау.

Алыссын – қашық деп білу, қашықсыну.

Алыста – қашықтау, ұзап кету.

Алыстау – қашығырақ, жырақтау.

Алыстық – қашықтық, алшақтық.

Алысшыл – алысқа шабатын, төзімді, мықты.

Алысырақ – қашығырақ, жырақтау.

Алысырақтау – қашықтау, алыстау.

Асты – 1) бір заттың үстіне қарама-қарсы жақ беті. 2) белесті жердің баурайы, етек жағы. 3) жататын, отыратын жері.

Астылы-үстілі – қос қабатты, екі қатарлы.

Астын-үстін – қалай болса солай, бейберекет.

Астыңғы – төменгі ақырғы.

Асты-үсті – бір нәрсенің астыңғы жағы мен үстіңгі жағы. 2) киім-кешектің астары мен тысы.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (128.3 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club